CDC өкілдерімен кездесу

Бүгін Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығында ДСДРО бас директоры Айнұр Айыпханова Орталық Азиядағы  СDC аймақтық офисінің директоры Дафни Моффитпен кездесті.

Кездесу барысында СDC аймақтық офисінің қызметі мен ҚР ДСМ-мен бірлескен ағымдағы жобалар талқыланды. Соның ішінде, қоғамдық денсаулық сақтау қызметін дамыту бағытындағы ынтымақтастық мәселелері,  эпидемиологиялық статистика орталығын құру кезіндегі ынтымақтастықтың ықтимал бағыттары қарастырылды. Сондай-ақ, лабораториялық қызметті және туберкулездің алдын алу шараларын дамыту саласында нұсқаулықтар мен талдамалық ақпараттар әзірлеудегі серіктестік мәселелері қозғалды.

Ескерту: Centers for Disease Control and Prevention, CDC (Аурудын алдын алу және бақылау орталықтары) – аурудың алдын алу және олармен күрес жөніндегі шараларды, қоршаған орта тазалығы мен басқа да халық денсаулығын жақсартуға бағытталған шараларды әзірлеп, жүзеге асыру қызметтерін атқаратын  АҚШ Денсаулық сақтау департаментінің федералдық агенттігі.