Анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы бұйрыққа қол қойылды

Кеше ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов «Қазақстан Республикасында анестезиологиялық және реаниматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы» бұйрыққа қол қойды.

Әзірленген стандарт анестезиологтар мен реаниматологтар жұмысын жүйелендіруге және жеңілдетуге, пациентті  медициналық көмек көрсету кезіндегі жауапсыздықтан және дәрігерді негізсіз сот айыптауларынан қорғауға көмектеседі.

Аталған стандарт Бұйрық ҚР Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін ғана күшіне енеді.

Бұдан бұрын бұйрық жобасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызмет сапасы жөніндегі Бірлескен комиссиясының отырысында үкіметтік емес аккредиттелген ұйымдармен мақұлданған болатын. 

Стандартты әзірлеу бастамасы Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасы аясында қолға алынған-ды. 

Министрдің бұйрығымен мына сілтемеге өте отырып, танысуға болады.