Бүгін Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті.Салтанатты шарада Орталықтың бас директоры Айнұр Айыпханова ерекше көзге түскен қызметкерлерді марапаттап, «Еңбек ардагері» медалін, «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісін және Құрмет грамотасын табыстады.
«Еңбек ардагері» медалін Білімді және дағдыларды бағалау орталығының жетекші маманы Досмамбетова Күлсара Қоралбайқызы иеленді.
«Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төс белгісі Адами ресурстарды және ғылымды дамыту орталығының медициналық білім беруді дамыту бөлімінің бастығы Зәуре Байғожина мен Ұтымды клиникалық практика орталығының стандарттау бөлімінің бас маманы Гүлжан Мұхановаға берілді.
Ал, Адами ресурстарды және ғылымды дамыту орталығының кадрлық ресурстар обсерваториясының бас маманы Ғалия Мусина мен Медициналық көмекті жетілдіру орталығының АМСК дамыту секторының бас маманы Рауза Кенжеқұлова «Құрмет» грамотасымен марапатталды.
Әріптестеріміздің қуаныштарына ортақтаса келе, ұжымды Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаймыз. Әр шаңыраққа шаттық, бақыт, табыс, денсаулық тілейміз! Еліміздің әл-ауқаты артып, алға дами берсін!