14-15 желтоқсанда UHC (Universal Health Coverage) Халықаралық Конгресі аясында Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы басқа да халықаралық ұйымдармен және Жапония Үкіметімен бірлесіп ұйымдастырған, Р4Н (Public for Health) панельді сессиясы өтті. Конгресс халықты медициналық көмекпен жалпы қамтудың ғаламдық мәселелері мен UHC тәсілдері қозғалысының негізгі бағыттарына арналды. Аталған Конгресске Жапония Премьер–Министрі Синдзо Абэ келді.
Конгресс барысында UHC-ке жекеменшік секторды тарту; медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасына саяси және экономикалық факторлардың әсері; UHC үдерістерін басқару мен серіктестіктің жаңа жолдары; денсаулық сақтау саласын қаржыландыру; UHC-тегі қоғамның ролі; UHC пен Р4Н мақсаттарына қол жеткізудегі медицина мамандары мен қоғамның бірлесе қызмет ету мүмкіндіктерін арттыру мәселелеріне арналған бірқатар панельдік кездесулер ұйымдастырылды.
«Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ШЖҚ-дағы РМК бас директорының орынбасары М.Қ.Қалдыбаева баяндама жасап, пікірталастарға атсалысқан Р4Н панельді кездесуі денсаулық сақтау жүйесін қаржыландыру, медициналық қамтамасыз ету мәселелерін шешуге қоғамды қатыстыру мәселелеріне арналды.
ДСДРО өкілі өз сөзінде, сондай-ақ Р4Н басшылығымен және мүшелерімен жұмыс кездесулері барысында Қазақстанның міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу үдерісіне қоғамның әсері, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын қалыптастыру үшін объективті электронды статистикалық деректер қорын құру үшін ведомствоаралық топтар құрудағы, Қазақстан Республикасы Үкіметі деңгейінде түрлі реформаларды жүзеге асыру үшін жобалық басқаруды енгізудегі тәжірибесін, аймақтық өзара әрекеттестігін, Қазақстанның Еуразия Экономикалық Қауымдастығына қатысу аясындағы тәжірибе алмасу және заңнамалар, оның ішінде денсаулық сақтау саласындағы заңнамалар үйлесіміндегі ролін атап өтті.
Сонымен қатар, ДСДРО, Р4Н басқару комитетінің мүшесі ретінде Р4Н дамуына өз үлесін қосуға және оның мүшелерімен жаңа медициналық технологияларды енгізудің клиникалық және экономикалық мақсаттылығын шешудегі құрал ретінде медициналық технологиялар бағалауын қолдану жөніндегі тәжірибесімен бөлісуге әзір. Бұдан басқа, 2018 жылдың мамыр-маусым айларында Астанада Р4Н кезекті шарасын өткізу жоспарланғаны жарияланды.