2017 жылы 152 медициналық ұйым аккредиттелді

Қазақстанда 2017 жылдың екінші жартыжылдығының нәтижесі бойынша медициналық ұйымдарды аккредиттеу аяқталды.

Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті  Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығымен  (ДСДРО) бірлесіп медициналық ұйымдарға Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының Бұйрығына сәйкес  сыртқы кешенді бағалау жүргізді.

Аккредитеуге ерікті негізде 115 медициналық ұйым қатысты, олардың 92-сі мемлекеттік және  23-і – жекеменшік болып табылады.

Аккредиттеу жүргізуге Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің 23 өкілі, 48 сыртқы кешенді бағалау сарапшылары және ДСДРО Аккредиттеу орталығының 5 қызметкері  тартылды.

Қалыптастырылған 25 сараптамалық топ Қазақстанның барлық өңірлерінде жұмыс жүргізді. Аккредиттеуден өткен медициналық ұйымдардың ең көп саны Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Алматы қаласында. 

Аккредиттеудің нәтижелері бойынша жоғары санатқа сәйкестікті 2 медициналық ұйым, бірінші санаттағы - 39, екінші санаттағы - 58 ұйым растады. 16 медициналық ұйым аккредиттелмеген болып танылды. 

2017 жылы Қазақстанда барлығы 180 медициналық ұйымға аккредиттеу жүргізілді, оның ішінде 140 мемлекеттік және 40 – жекеменшік болып табылады.

Жалпы, ағымдағы жылы жүргізілген аккредитеудің нәтижесі бойынша жоғарғы санат 3 ұйымға берілді, бірінші санат - 52, екінші санат – 97. 

Жыл ішінде аккредиттеуден 28 (15%) ұйым өткен жоқ.

Естеріңізге саламыз, медициналық ұйымдар аккредиттеуге ерікті түрде қатысады. Ең алдымен, аккредиттеу медициналық ұйымдардың белгіленген сапа стандарттарына сәйкестілігін – ұйымдардың клиникалық, сондай-ақ медициналық емес үдерістерінің дұрыс жолға қойылғандығын растайды. Осылайша, пациенттер арасында тәуелсіз кешенді бағалауға негізделген аккредиттеуден ойдағыдай өткен медициналық ұйымдардың беделі арта түседі.

Сондай-ақ, ТМККК қызметтерін көрсетуге мемлекеттік тапсырысты артықшылықпен орналастыру – медициналық ұйымдарды аккредиттеуден өтуге ынталандыру тетіктерінің бірі болып табылады.