ДСДРО КМҚ өкілдерімен денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік міндеттерді бәсекелес ортаға беру мәселелерін талқылады

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы  өзін-өзі реттеу қағидаттарын түсіндіру және мемлекеттік міндеттерді бәсекелес орта мен өзін-өзі реттейтін ұйымдарға беру мәселелері жөнінде дөңгелек үстел өткізді.

Талқылау 15 қаңтарда кәсіби медицина қауымдастықтарының (КМҚ) және денсаулық сақтау саласының жекеменшік секторы өкілдерінің қатысуымен РЭДСО базасында селекторлық тәртіпте өтті. 

Дөңгелек үстел жұмысы барысында КМҚ қызмет ету және оларды аккредиттеу үдерісі, өзін-өзі реттейтін ұйымдарды құру және оларды тіркеу, «Медициналық қызметтер сапасы жөніндегі біріккен комиссияны» тәуелсіз ұйымға ауыстыру мәселелері қаралды.

Кәсіби қауымдастықтардың әлеуетін арттыру үшін халықаралық тренерлерді шақырып, ДСДРО базасында оқыту тренингтері сериясын өткізу туралы шешім қабылданды.

КМҚ аккредиттеуге дайындық және оны өткізу барысында Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы кері байланыс пен клиентке бағдарлануды қамтамасыз етеді.

Өзін-өзі реттейтін ұйымдарды құру және қызмет ету жөніндегі нормаларды түсіндіру үшін ДСДРО ресми сайтынан табуға болатын ақпарат әзірленеді. Сондай-ақ, тұрақты негізде КМҚ үшін өзекті ақпараттар салып отыруды ұйымдастыру жоспарлануда.