Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы Қазақстан айтақтарында «HR-менеджмент. Денсаулық сақтау саласының кадрлық ресурстарын басқарудың заманауи технологиялары» тақырыбында семинарлар ұйымдастыруда.
Оқу 2018 жылдың І тоқсанында басталады, ол медициналық ұйымдардың басшылары мен кадр қызметтерінің мамандарын HR-менеджменттің және корпоративтік басқарудың өзекті мәселелері бойынша даярлауға бағытталған.
Қатысушылардың семинар барысында алған білімдері саланы дамытудың стратегиялық міндеттерін жүзеге асыруға бағдарланған заманауи HR менеджмент негіздерін, медицина ұйымы қызметінде персоналды жалдау, бейімдеу, менторлық, карьераны дамыту, ұйымдастыру мәдениеті, медицина қызметкерлерін ынталандыру, еңбек етуге қауіпсіз және қолайлы жағдай жасау, т.б. секілді заманауи HR-технологияларды енгізуге мүмкіндік береді.
Аймақтардағы оқуға қатысамын деушілер өтінімдерін obskrz@mail.ru электронды мекен-жайына жіберулеріне болады, өтінім нысаны мына сілтеме бойынша қолжетімді.
Семинар құны – ҚҚС қоса алғанда 30 580 (отыз алты мың бес жүз сексен) теңге. Төлем БИН 110340017483 бойынша.
Семинарлар Қазақстан аймақтарында мына кестеге сай өткізіледі:
Өтетін орны |
Аймақтар (облыстар) |
Алдын-ала белгіленген күні |
Қостанай қаласы |
Қостанай, Солтүстік Қазақстан |
5-7 ақпан |
Павлодар қаласы |
Павлодар |
19-21 ақпан |
Ақтөбе қаласы |
Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қызылорда |
1-3 наурыз 14-17 наурыз |