Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығында GlaxoSmithKline (GSK) халықаралық фармацевтикалық компаниясы өкілдерімен кездесу өтті, оның барысында ТМД елдеріндегі (Қазақстан, Украина, Әзірбайжан) үш ірі қаланың ересек тұрғындарының тәуекел факторлары бағалана отырып, созылмалы обструктивтік өкпе ауруларының (СОӨА) таралуы бойынша эпидемиологиялық зерттеулердің нәтижелері ұсынылды.
Зерттеу деректері бойынша бұрын диагностикаланған СОӨА-ның таралуы 1000 адамға шаққанда Қазақстанда 13,8, Украинада 10,4 және Әзірбайжанда 4,3 құрады. Спирометрия мәліметтерінің негізінде алғаш рет диагностикаланған СОӨА-ның таралуы 1000 адамға шаққанда Қазақстанда 63, Украинада 30 және 35 Әзірбайжанда құрады.
Спирометриямен диагностикаланған СОӨА-ның ең жоғарғы таралуы 65 жастан асқандар тобында байқалған. Барлық үш елде де СОӨА-ның еркектер арасында кеңінен таралуы байқалған.
Зерттеулер барысында темекі шегу мен СОАӨ арасындағы статистикалық маңызды өзара байланыс анықталды.
Ауырлық дәрежесі бойынша барлық үш елде 2-сатыдағы пациенттер анықталды.
Қорытындылай келе, СОӨА-ның таралуы ҚР үшін өзекті мәселе болып табылады деген тұжырым жасауға болады.