P4H баянды ынтымақтастық үшін Қазақстанға ризашылығын білдірді

2017 жылы Қазақстан Республикасы атынан ДСДРО денсаулық сақтауды қаржыландыру, экономика және әлеуметтік қорғау салаларында халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ететін P4H (Providing for Health) жаһандық желісіне  кірді. Қазақстанды P4H желісінің  толыққанды қатысушысы  деп тану туралы шешім 2017 жылғы 27 қыркүйекте Бонн қаласында (Германия) қабылданған болатын.

 

Бір жыл ішінде P4H ғаламдық желісі және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі арасында баянды ынтымақтастық орнатылды. Осыған байланысты P4H желісінің үйлестірушісі Claude Meyer ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың атына алғысын жолдады:

 

«Құрметті Елжан Біртанов!

Бұл хабарламамен мен барлық Р4Н желісі, оның барлық мүшелерінің және Р4Н ғаламдық желісінің   үйлестіру командасының  атынан Астанада ДСДРО-мен бірлесіп ұйымдастырылған денсаулық сақтауды қаржыландыру жөніндегі  тамаша конференция үшін, сондай-ақ, қатысушылар мен спикерлердің жылы шырайлы қабылдаулары үшін, Р4Н аясындағы өзара іс-қимылдың келесі кезеңдеріне жүргізілген нәтижелі пікірталас үшін алғыс айтқым келеді.

 

2017 жылғы қыркүйек айында ДСДРО Қазақстанның өкілі болғаннан кейін бірнеше аптадан соң, алдағы Орталық Азиядағы конференция туралы әңгіме жүргізілді, бізде оған дайындалуға 6 ай ғана кетті. Бұл ДСДРО басшылығы мен қызметкерлерінің терең бейілділігі мен әсерлі жауапкершілігінің айғағы. ДСДРО-ның  денсаулық сақтауды қаржыландыру және денсаулықты әлеуметтік қорғау саласындағы Орталық Азияның халықаралық-танымал ресурстық орталығына айналуының перспективалық мүмкіндіктерін  көрсетеді».

 

Естеріңізге сала кетейік, P4H алаңы қатысушы-елдердің денсаулық сақтау жүйелерін нығайтуға, сондай-ақ сапалы қызметтерге тең қолжетімділікке және қаржылық тәуекелдерден  қорғауға ықпал етеді және  халықты медициналық көмекпен жаппай қамту саласындағы халықаралық серіктестер мен инвесторлардың кең ауқымын қамтиды. Асталған жаһандық желінің  басты мақсаты – халықты медициналық қызметтермен жаппай қамту.

 

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы Р4Н басқарушы комитетінің мүшесі ретінде 2018 жылғы 19-20 маусымда  Астанада серіктестік ынтымақтастық жөніндегі «Халықты медициналық көмекпен жаппай қамтуды қамтамасыз етуге арналған денсаулық сақтауды қаржыландыру реформалары» атты еларалық конференция ұйымдастыру арқылы Р4Н-тың  дамуына өз үлесін қосты.   

 

Конференцияны өткізудің мақсаты денсаулық сақтау саласын қаржыландыруды реформалау,  сапалы медициналық қызметтерге  тең қолжетімділік беру және жылжыту  халықты денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуға қарай жылжу саласындағы тәжірибемен алмасу және өзекті мәселелерді талқылау  үшін Р4Н желісінің  мүше-ұйымдарына  және  ТМД мен Орталық Азия елдері үшін алаңдар ұсыну болып табылды.

 

 Конференцияға Германия, Швейцария, Ұлыбритания, Эстония, Австралия, Польша, Сингапур, Түркия, Ресей, Таиланд, Қытай, Шри-Ланка, Монғолия, Қырғызстан және Қазақстан сияқты 15 елден келген спикерлер, ДДҰ, Р4Н, АДБ (Азия Даму Банкі), TITCK (Turkish Medicines and Medical Devices Agency), GIZ (German International Cooperation Agency) халықаралық ұйымдардың, қоғамдық денсаулық сақтау институттары, медициналық сақтандыру қорлары, денсаулық сақтау министрліктерінің  өкілдері қатысты.