ДСДРО аймақтық жаттықтырушы-сарапшылар үшін денсаулық сақтау ұйымдарында менеджментті және корпоративтік басқаруды дамыту жөніндегі тренинг өткізеді

Қыркүйектің 5-інен 17-іне дейін «Самұрық-Қазына» Корпоративтік университетінде «Менеджмент және корпоративтік басқару» тақырыбы бойынша Денсаулық сақтау басқармаларының өкілдерінен және денсаулық сақтау ұйымдарының менеджерлерінен құралған аймақтық жаттықтырушы-сарапшыларына арналған оқыту тренингі өтеді. 

 

Сарапшыларды оқыту Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығымен «Самұрық - Қазына» Корпоративтік университетімен бірлесіп одан әрі каскадты оқыту жүргізу  және ҚР-ның барлық өңірінде корпоративтік басқару және менеджмент жүйесін тарату арқылы Қазақстанның мемлекеттік медициналық ұйымдарында басқару сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырған. 

 

Тренинг қатысушылары «Көшбасшылық», «Корпоративтік Басқару», «Сөйлесу ой-өрісі» саласына маманданған  бизнес-жаттықтырушы – Ирина Туралиева мен Владимир Шиковтың  басшылығымен оқу курстарынан өтеді.

 

Аталған іс-шара «Денсаулық сақтау ұйымдарында менеджментті және корпоративтік басқаруды дамыту» жобасының 2018-2019 жылдарға арналған жол картасын іске асыру мақсатында ұйымдастырылады.

 

Іс-шара шеңберінде корпоративтік басқару негіздері, тиісті корпоративтік басқару жүйелерінің негізгі принциптері мен элементтері, басқару органының жұмыс істеу негіздері, атқарушы органның рөлі, сондай-ақ ҚР денсаулық сақтау ұйымдары менеджерлерінің көшбасшылық қасиеттерін және құзырлығын дамыту мәселелері қаралады.