20-21 қыркүйекте Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы Қазақстанда дәрілік заттарды ұтымды пайдалану және формулярлық жүйені жетілдіру бойынша семинар өткізеді.
Клиникалық фармацевт, Жаңа зеландиялық Ұлттық формуляр кеңесшісі, Отаго Университетінің профессоры (Жаңа Зеландия) Дэвид Вудс (David Woods) негізгі жаттықтырушы ретінде болады.
Оқыту бағдарламасында Жаңа Зеландия мысалында формулярлық жүйені жетілдіру, практикада дәрілік заттарды пайдалануды бағалау бағдарламасын енгізу тақырыптарын, жүйелі шолу және мета-талдау жүргізу әдістемесі, сондай-ақ антибиотикке резистенттік мәселелерін айқындап түсіндіру көзделеді.
Семинарға клиникалық фармакологтар мен фармацевтер, формулярлық комиссия мүшелері, оның ішінде өңірлерден келген мүшелері қатысады.
2012 жылдан бастап Дәрілік заттарды ұтымды пайдалану орталығы Қазақстандық Ұлттық Дәрілік формулярға дәрілік заттарды іріктеу жөніндегі сарапшылық қызметті атқарады.
2015 жылдан бері Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы базасында Қазақстандық ұлттық дәрілік формуляр (бұдан әрі - ҚҰФ) жұмыс істейді. ҚҰФ-ға клиникалық тиімділігі мен қауіпсіздігі дәлелденген дәрілік заттар енгізілген.
Дәрілік заттарды тағайындайтын медицина қызметкерлеріне дәлелделген дәрілер туралы шынайы ақпарат беру мақсатында ҚҰФ жобасын әзірлеу 2015 жылдың соңында басталған.
Өзінің жұмыс істеу кезеңінде клиникалық бөлімдері бар 850-ден астам монография жасалды, 50-ден астам клиникалық сарапшы тартылды.
Сондай-ақ, айта кетейік, Ұлттық формуляр халықтың қалың көпшілігіне онлайн – режимде www.knf.kz сайтында мемлекеттік және орыс тілдерінде қолжетімді.