Алма-Ата декларациясының 40 жылдығы қарсаңында Копенгагенде алғашқы медициналық көмекті қолдаудың экономикалық тиімділігін талқылау бойынша сараптамалық кездесу өтті.

Алма-Ата декларациясының 40 жылдығына байланысты Қазақстан Республикасы Үкіметі, ДДҰ және ЮНИСЕФ алғашқы медициналық – санитарлық көмек (АМСК) бойынша жаhандық конференцияны ұйымдастыруды көздеп отыр. Ол 2018 жылдың қазан айының 25-26 жұлдыздарында Астана қаласында өтпек. Аталмыш Конференция АМСК–ң бастапқы принциптерін растауды және алғашқы медициналық-санитарлық көмек әмбебап денсаулық сақтауды қамтуға (UHC) және тұрақты даму мақсаттарына (SDG) қол жеткізудің негізі болуына бағытталған саяси міндеттемені жаңартуды мақсат етеді.

 

AA40 процестері мен өнімдері туралы ақпараттандыру мақсатында ДДҰ–ң әрбір аймақтық кеңсесі АМСК–ті саяси қолдаудың озық тәжірибесі мен мысалдарын сипаттайтын анықтамалық құжаттар топтамасын дайындап жатыр. Бұл кездесуде ДДҰ–ң Европа өңірлік бюросы арнайы жедел жұмыс топпен бірлесіп, науқастың қажеттіліктеріне бағдарланған АМСК–ға инвестицилаудың экономикалық тиімділігіне шолуды талқылады. Шамамен 30 сарапшылардан тұратын жедел жұмыс тобы халықаралық ұйымдар мен академиялық топтардың,  жетекші мүше елдердің өкілдерін қамтиды.

 

Бұл кездесуге ДСДРО-ң денсаулық сақтау экономикасы орталығының жетекшісі Темекова Зарина қатысты. Кездесу барысында сарапшылар алғашқы медициналық-санитарлық көмекті қаржыландыру мен қолдаудың экономикалық артықшылықтарын бағалаудың әдіснамалық тәсілін әзірледі, сондай-ақ АА40-ға арналған есепті құру жоспарын талқылады.

 

Сонымен қатар жұмыс барысында келесі мәселелер қаралды:

- АМСК артықшылықтары мен пайдаларын сандық бағалау тәсілдері;

- денсаулық сақтау нәтижелерінің жақсаруынан түсетін макро-экономикалық пайда, денсаулық сақтау жүйесі қызметінің тиімділігі, және денсаулық сақтау шығындарын азайту, сондай-ақ алғашқы медициналық көмек пен осы үш факторлардың арасындағы байланысты көрсететін дәлелдемелерді анықтау;

- АМСК - ны қаржыландыру саласында әртүрлі елдердің тәжірибесінен алынған сабақтар және бенчмаркингтік жаттығулар жасау арқылы оның денсаулыққа әсер етуін талқылау;

- құндылықтарға негізделген алғашқы медициналық-санитарлық көмекті қалыптастырудағы кедергілер;

- алдағы 20 жылда «мінсіз АМСК үлгісі» критерийлері.

Аталған жұмыстың қорытындысы AA40 конференциясында ұсынылады.