ДСДРО-да ДДҰ қоғамдық денсаулық сақтау сарапшыларымен диалог өтті

Қазақстанда  қоғамдық денсаулық сақтау қызметтерін дамытудағы  қажеттіліктерді  бағалау мақсатында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы делегациясының сапары аясында ДСДРО-да Республикалық электрондық денсаулық сақтау  орталығы мен Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы қызметкерлерінің қатысуымен жұмыс кездесуі өтті.

                                      

ДДҰ делегациясы қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы сарапшылардан тұрды: ДДҰ Еуропалық бюросының қоғамдық денсаулық мәселелері жөніндегі бағдарламалық менеджері Anna Cichowska Myrop, Англия Қоғамдық Денсаулық Институтының жұқпалы аурулар жөніндегі  сарапшысы Leena Inamdar және қоғамдық денсаулық жөніндегі  норвегиялық сарапшы Frode Forland. Сонымен қатар, кездесуге ДДҰ Еуропа өңірінің кеңесші Нұрлан Алгашов және ДДҰ елдік  кеңсесінің өкілі Егеубаева Салтанат қатысты.

 

Кездесу аясында Бас директор Айнұр Айыпханова Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесіндегі рөлі туралы және ҚР-да қоғамдық денсаулық сақтау қызметін қалыптастыру туралы баяндады, сондай-ақ кейінгі жылдардың жоспарларымен бөлісті.

 

Сонымен қатар, делегацияны қоғамдық денсаулық сақтау қызметіжөніндегі Қазақстан Республикасының тұжырымдамасымен, МҰ үшін жаңа үздік практикаларды,ескеретін аккредиттеу стандарттарының  3-нұсқасымен,сондай-ақ ДСДРО-ның 2018 жылы жасаған ҚР-ның денсаулық сақтау жүйесі туралы шолуын таныстырды.