27 қарашада ДСДРО Астана және Ақмола облысының медициналық ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізеді, оның барысында денсаулық сақтаудағы менеджментті және денсаулық сақтау менеджерлерінің құзыреттілігін дамыту мәселелері талқыланады.

 

Кездесуде медициналық ұйымдардың қаржылық, кадрлық және материалдық-техникалық ресурстарын басқарудың экономикалық моделі мәселелері қаралады, шығындарды оңтайландыру және ресурстарды ұтымды пайдалану есебінен қызметкерлердің жалақысын арттыру мүмкіндіктерін іздеу тәсілдері талқыланады.

Дүниежүзілік антибиотиктерді дұрыс пайдалану күні қарсаңында дөңгелек үстел өткізілді, онда Қазақстандағы микробқа қарсы препараттарға төзімділікті тежеу үшін қажетті шаралар, ветеринарлық қызметте антибиотиктерді пайдалану талқыланды.

 

Дөңгелек үстелді Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының филиалы бірлесе отырып ұйымдастырды.

11 мен 14 қараша аралығында Женевада 18 ұйымдастырушылары Фармакоқадағалау жөніндегі халықаралық қоғам болып табылатын  «Шексіз фармакоқадағалау» тақырыбына арналған конференция өтті.

 

Іс-шара фармакологиялық қадағалаудың өзекті мәселелерін талқылау және оңтайландыру, халықты емдеу тиімділігі мен қауіпсіздігін жақсарту үшін дәрілер туралы неғұрлым толық және анық деректері пайдалану мүмкіндіктерін ашу үшін жыл сайын өткізіледі.

 

Астанада 25-26 қазанда өткен Медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі Жаһандық конференцияның қорытындысы бойынша қазақстандық қатысушыларға сертификаттар дайындалды.

8-9 қарашада Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы мемлекет басшыларының қатысуымен «Қазақстан және Ресей туризмінің дамуындағы тенденциялар мен жаңа тәсілдер» аймақаралық ынтымақтастығының XV форумы өтеді.

 

Форумның басты мақсаты тек саясат, экономика және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық салалары ғана емес, сонымен қатар туристік қызметті дамыту саласы, оның ішінде медициналық туризм салаларындағы мемлекетаралық ынтымақтастықты дамыту.