ДСДРО Корей инвесторлары үшін МЖӘ жобаларын таныстырып өтті

2018 жылғы  29 тамызда Сеулде Кореяның денсаулық сақтау индустриясын дамыту институты  денсаулық сақтаудағы қазақстандық МЖӘ жобаларын қолдау үшін 40-қа жуық инвестор-компаниялар  мен Корея Республикасының медициналық ұйымдары қатысқан іс-шара ұйымдастырды.  

 

Бұл іс-шараның мақсаты кореялық инвесторларды ҚР денсаулық сақтау секторындағы инвестициялық мүмкіндіктерімен таныстыру, денсаулық сақтау ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің  денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту және МЖӘ бөлігіндегі  саясатын түсіндіру болып табылады.

 

Қазақстандық делегацияға Қазақстан елшілігі, «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы, Қазақстандық МЖӘ орталығы және бас директордың орынбасары Нұрбол Күзембаев бастаған ДСДРО қызметкерлері кірді. Ол өз баяндамасында Корея инвесторларын ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларымен таныстырды, сондай-ақ медициналық бизнес өкілдерін жүргізіліп жатқан денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамыту жөніндегі реформалармен және  ҚР денсаулық сақтау саласындағы жоспарланған Бағдарламалық МЖӘ-мен таныстырды.

 

«МӘМС енгізу жағдайында Денсаулық сақтау министрлігінің алдында мынадай міндеттер тұр: МСАК желісін, оның ішінде жеке меншік өнім берушілер қаражаты есебінен кеңейту, қалалық және ауылдық емханалар мен стационарлардың қол жетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ өнім берушілер арасындағы бәсекелестікті дамыту және қызметті пациентке бағдарлау. Алайда, денсаулық сақтау инфрақұрылымының  қазіргі жай-күйі осы мақсаттарға жету мүмкіндіктерін төмендетеді.

 

Мәселен, медициналық желі  ғимараттарының тозуы шамамен 50%, ал медициналық техниканыкі – 35% құрайды. Амбулаториялық-емханалық ұйымдардың жүктемесі шамадан тыс, ал ұйымдардың бір бөлігі – шұғыл көмек көрсетпейтін  монобейінді.

 

Осы мәліметтерді ескерсек, инвестициялар қажеттілігі 2025 жылға дейін 1,2 трлн. теңгені құрайды, оның ішінде 745,8 млрд. теңгені мемлекеттік-жеке меншік әріптестік шеңберінде ірі жобаларға алу жоспарланып отыр», – деді баяндама барысында Нұрбол Күзембаев.

 

Іс-шараның қорытындысы бойынша қазақстандық тарап корейлік инвесторларды 2018 жылғы 29 – 30 қарашада Астана қаласында өтетін «ҚР денсаулық сақтау жүйесіне инвестициялар» атты 2-ші халықаралық форумға қатысуға шақырды.