2018 жылғы 13-14 қыркүйекте Астанада Денсаулық сақтау министрлігі, ДСДРО және GIZ, SDC агенттіктерінің және P4H ғаламдық желісі өкілдері арасында ынтымақтастықты кеңейту және P4H-тың әріптестігін Орталық Азияда және орыс тілді елдерде жылжыту жөніндегі өңірлік орталық ретінде Қазақстанның позициясын нығайту мәселелері бойынша кездесу болып өтті.
Қазақстан сарапшылары делегациясы құрамында стратегиялық жоспарлау жөніндегі GIZ бас кеңесшісі доктор Франц фон Ренна (Dr.. Franz von Roenne), Шығыс Еуропа және Орталық Азия елдері үшін денсаулық сақтау жөніндегі SDC кеңесшісі Плацелла Энричетта (Placella Enrichetta) және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі аға кеңесші, ДДҰ-ның ғылыми қызметкері Баярсайхан Дорджсурен (Bayarsaikhan Dorjsuren) барды.
Екі күн бойы тараптар Қазақстанда халықты медициналық қызметтермен жаппай қамту (Universal Health Coverage – UHC) үшін денсаулық сақтау жүйесін нығайту, қаржыландыру және денсаулықты әлеуметтік қорғауда GIZ, SDC, P4H және ДСДРО арасындағы әріптестік қарым-қатынасты кеңейту мәселелерін талқылады. Сондай-ақ, Орталық Азияда P4H әріптестігін жылжыту үшін ДСДРО-ны субаймақтық орталық ретінде тағайындау мүмкіндігі қарастырылды, сондай-ақ P4H шеңберінде алдын ала бірлескен іс-шаралар және іс-қимылдар жоспары қаралды.
Кездесу қорытындысы бойынша P4H және Орталық Азия елдері арасындағы ынтымақтастықты ілгерілету және тереңдету бойынша ДСДРО базасында өңірлік хаб құру және Қазақстан үшін денсаулық сақтау жүйесін, ақы төлеу әдістері мен тетіктерін және қаржыландыру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі бірқатар зерттеу жобаларын бірлесіп іске асыру туралы шешім қабылданды. Кездесу одан әрі неғұрлым егжей-тегжейлі талқылау үшін ұсынылған жобалардың әрқайсысы бойынша бірлескен іс-әрекеттердің матрицасын қалыптастырумен аяқталды.