Астанада МСАК-ты дамытудың негізгі мәселелері жөнінде семинар өтуде

17-19 қыркүйекте   Астанда № 10 қалалық емхананың базасында Денсаулық сақтау министрлігі, ДСДРО «Primary Health Care» Ұлттық қауымдастығымен бірлесіп,   «Инновациялық технологиялар, экономикалық өзгерістер, әлеуметтік бағдар, заманауи медбикелік тәжірибе, бастапқы денсаулық сақтау буыны деңгейіндегі ұйымдық психология» атты семинар-тренинг өткізуде.

 

Іс-шараға халыққа отбасылық қызмет көрсету қағидатын дамытуға бағытталған жұмыс істеп тұрған емханалардың базасында құрылған 16 өңірлік үздік практика орталықтарының  өкілдері,  сондай-ақ МСАК саласындағы сарапшылар және мемлекеттік және жеке меншік салаларындағы жетекші практикалық  денсаулық сақтау мамандары қатысады.

 

Спикерлері ретінде "Primary Health Care" Ұлттық қауымдастығы басқармасының төрағасы, медицина ғылымдарының докторы, МСАК саласының сарапшысы Роза Абзалова, ҚР ДСМ Амбулаториялық-емханалық көмек көрсету басқармасының бастығы Бауыржан Джусипов, ДСДРО МСАК-ты дамыту бөлімінің бастығы Жазира Иманова, ДДҰ-ның географиялық жағынан қашық орналасқан офисінің МСАК жөніндегі  басшысы Хуан Телло, ISKU Finland өкілі Анна Лайтинен және басқа да бастапқы денсаулық сақтау мамандары қатысты.

 

 Іс-шара барысында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсетудің  бірқатар маңызды мәселелері қаралады: МСАК және үздік практика орталықтары қызметінің нормативтік-құқықтық базасы; қазіргі заманғы МСАК-ты дамытудың негізгі аспектілері; емхананың кешенді ақпараттық жүйесі; созылмалы жұқпалы емес ауруларды  басқару бағдарламасын енгізу тәжірибесі; медбикелік істегі патронаждық көмектің әмбебап-озық үлгісін енгізу; МСАК ұйымындағы пәнаралық командадағы мейірбике рөлі Финляндия тәжірибесінде; денсаулық сақтау экономикасы; МСАК сапасын жақсарту шаралары.

 

Бүгінгі күні Қазақстанда медициналық-санитариялық алғашқы көмек қызметін көрсетушілердің саны 500-ден асады, оның ішінде 29% -ы жеке меншік ұйымдар. 1 дәрігерге тіркелген халықтың орташа санының мақсатты мәні – 1700 адам, алайда 2018 жылы бұл көрсеткіш 1950 адамды құрады, бұл ЭЫДҰ елдеріндегі көрсеткішке қарағанда 30% - ға артық.

 

          Жалпы практика дәрігерлерінің ең жоғарғы жүктемесі Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында және Астана қ. байқалады –1 дәрігерге тіркелгендер саны  2000-нан асады.

 

Өз баяндамасында ДСДРО МСАК-ты дамыту бөлімінің бастығы Жазира Иманова атап өткендей, қазіргі таңда «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Кодексінің жобасы әзірленіп жатыр, онда МСАК қызметтерін тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлеміне қосу көзделеді.

 

Құрылған үздік практика орталықтарының қызметі ғылыми және білім беру құрылымдарын тарту, МСАК сапасын және қол жетімділігін  жақсартуға бағытталған жаңа технологияларды енгізу негізінде МСАК-ты  жаңғырту саясатын айқындауға бағытталған.

 

Өңірлік үздік практика орталықтарының басшылары МСАК деңгейінде медициналық қызмет көрсетудің қолжетімділігін және сапасын жақсартуға бағытталған іс-шараларды іс-жүзінде жүзеге асыру тәжірибесімен бөлісті.

 

Сондай-ақ, семинар барысында қатысушылар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі Алматы Декларациясының медициналық көмектің қол жетімділігі мен сапасын арттырудағы рөлін талқылады.