ДСДРО 35 Халықаралық ISQua конференциясына қатысты

Куала-Лумпур қаласында қыркүйектің 23-інен 26-ы аралығында ДСДРО Аккредиттеу орталығы қызметкерлерінің қатысуымен 35-ші Халықаралық ISQua (International Society for Quality in Health Care, ISQua) конференциясы өтеді. Конференцияға 180-нен астам шақырылған шешендер қатысады, 1500 делегат және 400 постерлер күтілуде, осы жылғы конференция ISQua-да бүгінгі күннің ең үлкені болады.

 

«Heads, Hearts and Hands: Weaving the Fabric of Quality and Safety» ISQua  конференциясының тақырыбы  11 өзекті бағыттан тұрады, олардың ішінде: халықтың әлеуметтік-әлсіз топтарының сапасы мен қауіпсіздігі, пациенттердің қауіпсіздігі, сыртқы бағалау, инновациялық тәсілдер, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы басшылық пен саясат.

 

Осы жылы ISQua мүшесі ретінде Қазақстан атынан ДСДРО Аккредиттеу орталығы қатысады, конференцияның спикері ретінде «Қазақстанда медициналық ұйымдарға арналған аккредиттеу стандарттарын әзірлеу үдерісі» презентациялық баяндама  және ePoster конкурсына да  қатысатын (онлайн нұсқасы ұсынылып қойған) «Қазақстанда аккредиттеуді дамыту» постерлік баяндама жасайды.

 

Естеріңізге саламыз, Қазақстандағы  аккредиттеу жүйесі әлемдік талаптарға сай құрылған: ДСДРО Аккредиттеу орталығы  денсаулық сақтаудағы сапа және қауіпсіздік жөніндегі  халықаралық қоғаммен аккредиттеуші орган ретінде аккредиттелген; ұлттық аккредиттеу стандарттары екі мәрте сертификатталған; ISQua стандарттары бойынша аккредиттеу жөніндегі аудиторларды даярлау бағдарламасы сертификатталған.