2018 жылдың 6 және 7 желтоқсанда биомедициналық зерттеулер этикасы және этикалық сараптама жөніндегі халықаралық конференция

70-ке жуық адам ұлттық сарапшылар мен Бельгия, Тайланд, Жапония, Қырғызстан мамандарының қатысуымен өтті.

 

Сондай-ақ, конференцияда ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі, Білім және ғылым Министрлігі, «Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және медициналық техниканы сараптау Ұлттық орталығы» өкілдері, қоғам қайраткерлер, Орталық және жергілікті этика бойынша комиссиялардың мүшелері, зерттеушілер, контрактно-зерттеу ұйымдарының өкілдері қатысты.

Бүгін Алматыда Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының қолдауымен«Khan Turan Travel» ЖШС ұйымдастырған қалалық медициналық ұйымдар бойынша ақпараттық тур болып өтті.
 
Іс-шара барысында қазақстандық турагенттер Алматының жетекші клиникаларында болды: «Орталық клиникалық аурухана» АҚ, «А. М. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ, «Көз аурулары ҚазҒЗИ» АҚ, «Persona»халықаралық клиникалық репродуктология орталығы,«Рахат клиникасы» ЖШС, «Императорлық дәрігер» Қытай медицинасы орталығы Қазіргі заманғы рефлексотерапия орталығы және денсаулық бутигі» және «Бурундай минералды сулары сауықтыру орталығы». Ақпараттық турға қатысушыларды қазақстандық клиникалар ұсынған жаңа технологиялармен, мүмкіндіктермен және қызметтермен таныстырды.

Бүгін Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының Астана қаласы мен Ақмола облысының медициналық ұйымдарының басшыларымен кездесуі өтті, онда денсаулық сақтау менеджерлерінің құзыреттілігі мен менеджментін дамыту мәселелері талқыланды.

 

Кездесуде медициналық ұйымдардың қаржылық, кадрлық және материалдық-техникалық ресурстарын басқарудың экономикалық моделі мәселелері, сондай-ақ шығыстарды оңтайландыру және ресурстарды ұтымды пайдалану есебінен қызметкерлердің жалақысын арттыру мүмкіндіктерін іздеу тәсілдері қаралды.

26 қарашада Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаевтың төрағалық етуімен ана, перинаталдық өлім-жітімнің құпия аудитін және қиын жағдайлардың аудитін қорытындылау бойынша республикалық кеңес өтті.

 

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы ұйымдастырған кеңеске 150 адам, оның ішінде Денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, перинаталдық орталықтардың бас дәрігерлері, ана мен перинаталдық өлім-жітімге құпия аудит жүргізу жөніндегі өңірлік үйлестірушілер мен сарапшылар, акушер-гинеколог дәрігерлер, неонатологтар мен Қазақстанның барлық аймақтарынан келген перинаталдық орталықтардың акушерлері қатысты.

Бүгін ҚР ДСМ Ғылым және адами ресурстар департаментінің қолдауымен ДСДРО ұйымдастырған «Қазақстан Республикасының медициналық білім және ғылым ұйымдарында ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру және ілгерілету» атты дөңгелек үстел өтті.

 

Іс-шара Қазақстандағы медициналық білім беру және ғылым ұйымдарында ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін ілгерілету және коммерцияландыру проблемаларының өсіп келе жатқан өзектілігін және осы саладағы қолданыстағы тәсілдерді жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу қажеттілігін ескере отырып өткізілді.