Бүгін ДСДРО басшылығының ұжым алдында өткен жылдың қорытындылары туралы есебі өтті, онда ұжым:
- бекітілген ДСДРО-ның 2017-2021 жылдарға арналған даму стратегиясының ағымдағы 2018 жылға арналған көрсеткіштеріне;
- ДСДРО құзыреті шегінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің салалық жобаларына;
- ҚР ДСМ денсаулық сақтау жүйесін реформалау саласындағы мемлекеттік тапсырмасына;
- денсаулық сақтауды дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасына қол жеткізу және іске асыру нәтижелерімен танысты.
2018 жылы ДСДРО қызметкерлерінің күшімен денсаулық сақтау саясатын қалыптастыруға және тиімді іске асыруға қатысу барысында:
- 26 НҚА әзірленді немесе қайта қаралды (жоспар 16),
- ұсыныстары бар 11 аналитикалық шолу («Policy Brief») әзірленді (жоспар-10),
- 26 оқыту іс-шаралары өткізілді (семинар, тренинг, шебер-класс) (жоспар-25),
- салалық жобалар шеңберінде Қазақстанның барлық өңірлерінде 1190 адам оқытылды (жоспар-610),
- ДСДРО құзыреті шеңберінде ҚР ДСМ жобаларының ННК-ге қол жеткізілді,
- ДСДРО серіктестерімен халықаралық ынтымақтастық бойынша белсенді жұмыс жүргізілді.
Тұрақты зерттеулер мен әзірлемелер негізінде денсаулық сақтау жүйесін әдіснамалық қолдау жөніндегі стратегиялық мақсат индикаторларына қол жеткізілді:
- денсаулық сақтау саласында 530 сараптама жүргізілді (жоспар-350),
- 11 әдістемелік ұсынымдар әзірленді (жоспар-11),
- денсаулық сақтау саясатын қалыптастыру саласында 4 қолданбалы зерттеулер жүргізілді (жоспар – 4).
«Денсаулық сақтау жүйесін ілгерілету және жаңғырту» мақсатының индикаторларын орындау барысында:
- ДСДРО Білім мен дағдыларды бағалау орталығы «Ұлттық тәуелсіз емтихан орталығы» ӨРҰ болып қайта құрылды, оған медицина қызметкерлерінің білімі мен дағдыларын бағалау функциялары берілді .
- ақпараттық-түсіндіру жұмысы шеңберінде денсаулық сақтаудағы реформалар және жақсарту жөніндегі шаралар туралы ақпараттандыру көрсеткіші орындалды 291 материал шығарылды (жоспар – 33).
ДСДРО адами ресурстарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында мынадай индикаторларға қол жеткізілді:
- біліктілікті үздіксіз арттыру бойынша іс-шараларға қатысқан қызметкерлердің үлесі 26% құрады (жоспар – 11%)
- халықаралық конференцияларға 61 ДСДРО қызметкері қатысты (жоспар – 21)
- ДСДРО қызметкерлерінің жалпы санынан upper - intermediate деңгейінде ағылшын тілін меңгерген ДСДРО қызметкерлерінің саны – 21% (жоспар – 15%)
- халықаралық рецензияланатын журналдарда 9 мақала жарияланды (жоспар – 3).
Ағымдағы жылы ДСДРО жүзеге асырған Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі үшін маңызды іс-шаралардың ішінде:
- 2017 жылдың қорытындысы бойынша МҰ, ҒЗИ және ҰО рейтингтік бағалау жүргізілген медициналық ұйымдар рейтингінің әдістемесі қайта қаралды;
- ұлттық аккредиттеу стандарттары жаңартылды (ҚР ДСМ-нің 05.06.2018 ж. №325 бұйрығы);
- 2025 жылға дейін 17 өңірлік денсаулық сақтау ұйымдары желісін дамытудың перспективалық жоспарлары бекітілді;
- медициналық инфляция деңгейін бағалау жүргізілді;
- медициналық қызмет тарификаторы қайта қаралды;
- 2016-2018 жылдардағы медицина қызметкерлерінің нақты жалақысына талдау жүргізілді;
- медицина қызметкерлерінің жалақысын арттыру мақсатында 180 медициналық ұйым енгізген ШЖҚ МКК нысанындағы медициналық ұйым қызметкерлерінің еңбекақысы мен уәждемесі туралы үлгі ереже әзірленді;
- медициналық ұйымдарда мейірбике қызметін басқарудың жаңа жүйесін пилоттық енгізу іске қосылды;
- 61 ғылыми-медициналық сараптама және ғылыми жобалардың 11 этикалық сараптамасы жүргізілді;
- медициналық көмекті ұйымдастыру саласында ҚР ДСМ 19 жол карталарының орындалуына мониторинг жүргізілуде,
- акушерлік практикада аналар, перинаталдық өлім-жітімнің және қиын жағдайлардың құпия аудитін енгізуге қолдау көрсетіледі,
- 16 өңірде «Үнемді өндіріс негіздері» тақырыбында оқыту өткізілді; 3 медициналық ұйымда ресурс үнемдеуші технологиялар енгізілді;
- мемлекеттік медициналық ұйымдардың 80% - дан астамы корпоративтік басқару элементтерін және HR-технологияларды енгізді; корпоративтік саясат 6 медициналық ЖОО мен 21 медициналық колледжде енгізілді,
- Денсаулық сақтау менеджерлерін үздіксіз кәсіби дамытудың үлгілік жеке жоспары әзірленді, МҰ 167 басшысы оқудан өтті,
- Қазақстанда медициналық туризмді дамыту шеңберінде 10 отандық ұйымдармен 6 меморандум жасалды, медициналық туризм бойынша онлайн-портал және Call-орталық тестік режимде іске қосылды, 12 ұйымда госпитальдық сервис енгізілді, 1305 қызметкер оқытылды.
ДСДРО салалық білімді арттыруға және денсаулық сақтау бағыттарын одан әрі дамытуға мүмкіндік беретін 3 маңызды конференция ұйымдастырды:
- «Қазақстандағы денсаулық сақтауды қаржыландыру реформасы» халықаралық конференциясы (19-20 маусым);
- Мейірбике ісі жөніндегі I Халықаралық конференция (22-23 маусым));
- Биомедициналық зерттеулер этикасы және этикалық сараптама бойынша республикалық конференция (6-7 желтоқсан).
Сонымен қатар, ДСДРО 25-26 қазанда Астанада өткен Қазақстан Үкіметінің, ДДҰ мен ЮНИСЕФ-тің алғашқы медициналық-санитариялық көмек бойынша Жаһандық конференциясын ұйымдастыруда маңызды рөл атқарды, онда ДСДРО басшысы А. Айыпханова ДДҰ штаб-пәтерінде МСАК жөніндегі Астана декларациясының кеңес беру Төрайымы ретінде оны ДДҰ-ға мүше барлық елдердің бірауыздан келісуін қамтамасыз етті, конференция құрметіне бағдарлама мен жарияланымдарды әзірлеуге қатысты, ал ДСДРО қызметкерлері коммуникациялық және пиар-қолдауға, қатысушыларды тіркеуге белсене қатысты, ДДҰ-ның барлық алты аймағынан Астана қаласының медициналық ұйымдарына келген шетелдік БАҚ турларын ұйымдастырды және басқа да қолдау шараларын көрсетті.
Жылдық есепте ДСДРО Денсаулық сақтауды дамытудың 2020 – 2024 жылдарға арналған жаңа мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасы мен құрылымының бірінші жобасын әзірлейтіндігі айтылды. Жаңа мемлекеттік бағдарламаны әзірлеуге ДДҰ, CDC, KHIDI, P4H және басқа да әріптестермен бірлесіп, негізгі міндеті денсаулық сақтаудағы халықаралық жобаларды іске асыру болатын ДСДРО-ның жаңа бөлімшесі – Жаһандық денсаулық сақтауды дамыту орталығы қатысады. Тарифті белгілеу орталығы 2019 жылғы 3 қаңтардан бастап Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының құрамына ауыстырылады.
Жыл қорытындысы бойынша Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы бекітілген Даму стратегиясының жоспарланған индикаторларына қол жеткізді. Ұжым жетекшісі Айнур Айыпханова мен оның орынбасарлары Айман Ысқақова мен Нұрбол Күзембаев әріптестеріне алдағы 2018 жылғы стратегиялық мақсаттар мен операциялық міндеттерге қол жеткізуге қосқан үлесі үшін әріптестеріне алғыс білдірді, алда күтілетін жұмыстарды атап өтіп, жаңа жылда барлығына табыс тіледі.
Айта кету керек, 2017 жылы ДСДРО-да:
- 30 НҚА әзірленді немесе қайта қаралды (жоспар 10),
- ұсыныстары бар 3 талдамалық шолу ("Policy Brief") әзірленді (жоспар – 3),
- 28 оқыту іс-шаралары өткізілді (семинар, тренинг, шеберлік сыныптары) (жоспар – 28),
- салалық жобалар шеңберінде Қазақстан өңірлерінде 944 адам оқытылды (жоспар – 740),
- ДСДРО құзыреті шеңберінде ҚР ДСМ жобаларының ННК-ке қол жеткізілді,
- ДСДРО серіктестерімен халықаралық ынтымақтастық бойынша белсенді жұмыс жүргізілді.
Тұрақты зерттеулер мен әзірлемелер негізінде денсаулық сақтау жүйесін әдіснамалық қолдау жөніндегі стратегиялық мақсат индикаторларына қол жеткізілді:
- денсаулық сақтау саласында 529 сараптама жүргізілді (жоспар – 482),
- денсаулық сақтау саласында 18 стандарт жобасы әзірленді (жоспар – 10),
- 19 әдістемелік ұсыныстар әзірленді (жоспар – 14),
- 180 клиникалық хаттама әзірленді/өзектендірілді (жоспар – 1800)
ДСДРО адами ресурстарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру мақсатында мынадай индикаторларға қол жеткізілді:
- біліктілікті үздіксіз арттыру бойынша іс-шараларға қатысқан қызметкерлердің үлесі 15% құрады (жоспар – 9%)
- халықаралық конференцияларға 32 ДСДРО қызметкері қатысты (жоспар – 15)
- ДСДРО қызметкерлерінің жалпы санынан upper – intermediate деңгейінде ағылшын тілін меңгерген ДСДРО қызметкерлерінің үлесі – 10% (жоспар – 10%)
- халықаралық рецензияланатын журналдарда 3 мақала жарияланды (жоспар – 3).