Астанада 24-25 желтоқсанда ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының, СҚ Фармация, Республикалық санитарлық авиация орталығы және Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының қызметкерлері қатысатын «Денсаулық сақтау саласын жаңғырту» атты соңғы өңірлік семинар өтуде. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін денсаулық сақтау саласын жаңғырту бойынша өңірлік семинарлар Қазақстанның барлық аймақтарында өткізілген болатын.
Іс-шара «Наркология және психотерапия орталығы» базасында өтеді, семинарға 150-ден астам Астана медициналық ұйымдарының басшылары мен олардың орынбасарлары қатысты.
Семинар барысында ДСДРО Медициналық көмекті жетілдіру орталығының басшысы Жазира Иманова «2018-2020 жылдарға арналған ҚР-да алғашқы медициналық-санитарлық көмекті жаңғырту және басым дамыту» тақырыбында баяндама жасады.
Инфрақұрылымды дамытуды жоспарлауды жүйелеу, денсаулық сақтау ұйымдары желісінің конфигурациясының өзгеруі және инвестициялар тарту туралы ДСДРО бас директорының орынбасары Нұрбол Күзембаев мәлімдеді.
ДСДРО Менеджмент орталығының басшысы Салтанат Идрисова семинарға қатысушыларды «Медициналық білім беруді жаңғырту «және «Адами ресурстарды стратегиялық басқару» жобаларын іске асырудың негізгі бағыттары туралы хабардар етті.