2019 жылғы 14 наурызда ДСДРО базасында «Қазақстандағы эндоскопия қазіргі кезеңде» тақырыбында 1 дөңгелек үстел өтті

 

 Қазіргі уақытта Қазақстанда эндоскопия процедуралары кезінде жоғары технологиялық жабдықтар пайдаланылады, жүргізілген зерттеуді мұрағаттай отырып, бейнежазба режимінде жұмыс жасау енгізілуде.  Резидентурада оқыту шеңберінде бейінді мамандық дәрігерлерінің және эндоскопист дәрігерлердің біліктілігін арттыру жүйелі түрде жүргізіледі.

12 наурызда ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығымен бірлесіп Денсаулық сақтаудағы адами капиталды дамыту тұжырымдамасының жобасын талқылау бойынша, сондай-ақ қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде кеңес өткізді.

 

Талқылауға денсаулық сақтау саласындағы үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, өңірлік Денсаулық сақтау басқармаларының және елдің медициналық ұйымдарының кадрлық қызметтері қатысты.

2018 жылы Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының қызметкерлері ғылыми қызмет аясында халықаралық басылымға 10 мақала шығарды.

                             

Ғылыми жарияланымдардың авторлары және бірлескен авторлары ретінде бас директоры Айнұр Айыпханова, Аккредиттеу орталығының, Білім және ғылымды дамыту орталығының, Дәрілік заттарды тиімді пайдалану және медициналық технологияларды бағалау орталығының қызметкерлері болды.

2019 жылғы 25-27 ақпан аралығында Денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығы базасында жаңа Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу бойынша төрт тақырыптық жұмыс тобының ми шабуылы форматындағы отырысы өткізілді.

 

Тақырыптық топтардың құрамына медициналық ұйымдардың, денсаулық сақтау басқармаларының, Денсаулық сақтау министрлігінің ведомстволық бағынысты ұйымдарының, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы қоғамдық бірлестіктердің және жеке медициналық ұйымдардың өкілдері енгізілген.

SNOMED International-мен ынтымақтастық шеңберінде 27-28 ақпанда Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы базасында IHTSDO халықаралық ұйымының қызметкерлері Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің, Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының, Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының және Дүниежүзілік банк жобасын басқару тобының өкілдері үшін SNOMED клиникалық терминологиясы бойынша оқыту өткізеді.