ДСДРО-да медицина ғылымының ілгерілеуі мен коммерциялануы талқыланды

 

 

Бүгін ҚР ДСМ Ғылым және адами ресурстар департаментінің қолдауымен ДСДРО ұйымдастырған «Қазақстан Республикасының медициналық білім және ғылым ұйымдарында ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін коммерцияландыру және ілгерілету» атты дөңгелек үстел өтті.

 

Іс-шара Қазақстандағы медициналық білім беру және ғылым ұйымдарында ғылыми-зерттеу қызметінің нәтижелерін ілгерілету және коммерцияландыру проблемаларының өсіп келе жатқан өзектілігін және осы саладағы қолданыстағы тәсілдерді жетілдіру бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу қажеттілігін ескере отырып өткізілді.

 

Дөңгелек үстелге ҚР Денсаулық сақтау министрлігі, Ұлттық зияткерлік меншік институты, Технологияларды коммерцияландыру бойынша кәсіпқойлар альянсы, Қазақстандық кәсіпкерлер қауымдастығы, жетекші ғылыми медициналық ұйымдар мен медициналық оқу орындарының өкілдері қатысты.

 

Келесі мәселелерге арналған баяндамалар мен презентациялар тыңдалды: медициналық жоғары оқу орындарында, ҒЗИ, ҒО ғылыми қызмет нәтижелерін коммерцияландыру және ілгерілету саласындағы жағдай, мәселелер және одан арғы қадамдар, ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерцияландырудың қазіргі заманғы тәсілдері, медициналық білім беру және ғылым ұйымдарының осы саладағы іс-қимыл жоспарлары және т. б.

 

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша ҚР Денсаулық сақтау министрлігі үшінн де,  ҒЗИ, ҰО медициналық ЖОО үшін де нақты нұсқаулар мен ұсыныстар беріледі.