«Денсаулық сақтауды реформалауды әдіснамалық қолдау» мемлекеттік тапсырмасы шеңберінде ДСДРО 2019 жылы клиникалық хаттамаларды әзірлеу және қайта қарау үшін 180 өзекті тақырыпқа басымдылық беруді жүргізеді.

 

Осыған байланысты клиникалық хаттамалардың тақырыптары бойынша ұсыныстарды әзірлеу немесе қайта қарау үшін сілтемесі бойынша қол жетімді қосымша-негіздемемен қоса жіберу қажет.

ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 15 ақпандағы № 60 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында нәресте және бала өлімін азайту жөніндегі 2019-2021 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыру әдіснамасы бойынша селекторлық кеңес өтті.

 

Кеңес жұмысына жауапты орындаушылар, штаттық/штаттан тыс бас педиатрлар, неонатологтар, босандыру және бала босандыру жөніндегі, барлық аймақтық денсаулық сақтау басқармаларының емдеу-алдын алу жұмыстары жөніндегі орынбасарлары, медициналық ұйымдардың басшылары, медициналық білім беру және ғылым ұйымдарының, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өкілдері, "Қазақстан неонатологтарының Конгресі" қауымдастығы, UNICEF және басқалар қатысты.

Кеше ДСДРО-да Дәрілік заттарды және медициналық технологияларды ұтымды пайдалану орталығы әзірлеген «Амбулаториялық деңгейдегі дәрілік заттарды шамадан тыс қолдану (полипрагмазия) және ұсыныстарды қалыптастыру» және «Амбулаториялық деңгейдегі инъекциялық препараттарды қолдану және ұсыныстарды қалыптастыру» атты талдамалы шолулардың талқылауы (Policy Brief) өткізілді.

 

Келешекте шолулар Денсаулық сақтау саласындағы саясатты қалыптастырудағы үздік әлемдік тәжірибені енгізу үшін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігіне жіберіледі.

«Қазақстан  Республикасында ана өлімін төмендету жөніндегі 2019 жылға арналған іс – шаралардың Жедел жоспарын бекіту туралы» 2019 жылы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі Е. Біртанов № 27 бұйрыққа қол қойды.

 

 Бұйрықтың бекітілуінің алдында Қазақстанның барлық өңірлерінен жетекші мамандардың қатысуымен тақырыптық топтарда ми шабуылы түріндегі үлкен командалық жұмыс болды. Жоспарда тек жүкті әйелдерге, босанған әйелдерге және босанатын әйелдерге медициналық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың мамандары үшін ғана емес, медициналық ұйымдардың бірінші басшылары, өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, облыс, қала әкімдері үшін нәтижеліліктің негізгі көрсеткіштері айқындалған.

13 наурызда Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы базасында бас директор Айнұр Айыпханованың төрағалығымен медициналық алғашқы-санитариялық көмекті дамыту мәселелері бойынша селекторлық режимде кеңес өткізілді.

 

Кеңесте ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2019 жылғы 15 қаңтардағы № 59 бұйрығымен бекітілген Қазақстанда 2019-2020 жылдарға арналған медициналық алғашқы-санитариялық көмекті дамытудың негізгі бағыттарын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы талқыланды.