2019 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан ТМД елдері арасында ресми түрде алғашқы мүше және SNOMED International-ға енген әлемдегі 38-ші ел болды. Ұйымның құрамына бірыңғай медициналық терминологияны пайдаланатын және әзірлеуге қатысатын елдер кіреді.

 

Бүгінгі таңда SNOMED терминологиясын әлемнің 50-ден астам елінде қолданады және Қазақстанның ұйымға кіруі қазақстандық денсаулық сақтау жүйесі үшін серпінді қадам болып табылады. Жалпы, Қазақстанның кіруі туралы келіссөздер Медициналық терминология саласындағы стандарттарды әзірлеу жөніндегі халықаралық ұйыммен (IHTSDO) екі жыл бойы жүргізілді.

28 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар айналымы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР-ның Заңы қабылданды.

 

Негізгі жаңалықтардың бірі формулярлық жүйені дамыту арқылы дәрілік заттарды ұтымды пайдалану бойынша нормаларды енгізу, сондай-ақ дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды этикалық жылжыту болып табылады.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі - ҚР ДСМ) Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) мүшелігіне кандидаттарды іріктеуді жүргізеді.

 

Комиссия ҚР ДСМ жанындағы тұрақты жұмыс істейтін консультациялық-кеңесші орган болып  табылады және клиникалық хаттамаларды, медициналық технологияларды бағалауды, медициналық білім беруді, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау  саласындағы қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін бақылау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу үшін құрылған.

Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы өңірдегі медициналық мекемелер үшін «Денсаулық сақтау жүйесінде менеджментті және корпоративтік басқаруды дамыту» тақырыбында көшпелі семинарларға  тыңдаушылар жинақтауда.

 

Семинар медициналық ұйымдар  басшыларын және орынбасарларын, кадр қызметінің басшыларын  менеджментті дамыту, корпоративтік  басқару, кадрлармен қамтамасыз ету және HR менеджмент мәселелері бойынша оқытуға бағытталған. Алынған білімдер саланы дамытудың стратегиялық міндеттерін жүзеге асыруға, медициналық ұйымның қызметінде заманауи кадрлық технологияларды қолдануға ықпал етеді.

17-18 қаңтарда Денсаулық сақтау министрлігінің, барлық облыстардың денсаулық сақтау және кәсіби медициналық қауымдастықтардың өкілдерінің қатысуымен Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығында кездесуі өтуде.

 

Кездесу барысында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету мақсатында өңірлерге медициналық қызметкерлермен  қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін  көздейтін бұйрық  жобасы талқыланды.