Астанада биомедициналық зерттеулер этикасы және этикалық сараптама жөніндегі халықаралық конференция өтті

2018 жылдың 6 және 7 желтоқсанда биомедициналық зерттеулер этикасы және этикалық сараптама жөніндегі халықаралық конференция

70-ке жуық адам ұлттық сарапшылар мен Бельгия, Тайланд, Жапония, Қырғызстан мамандарының қатысуымен өтті.

 

Сондай-ақ, конференцияда ҚР Денсаулық сақтау Министрлігі, Білім және ғылым Министрлігі, «Дәрілік заттарды, медициналық бұйымдарды және медициналық техниканы сараптау Ұлттық орталығы» өкілдері, қоғам қайраткерлер, Орталық және жергілікті этика бойынша комиссиялардың мүшелері, зерттеушілер, контрактно-зерттеу ұйымдарының өкілдері қатысты.

 

Конференцияның ашылуында құттықтау сөзбен Проф. Мақсұт Кұлжанов, «Республикалық медициналық палата» ҚБ басқарма төрағасы; Надежда Петухова, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық кеңес төрағасы; Ануарбек Султангазин, Ғылым қор» АҚ басқармасы кеңесінің төрағасы сөйледі. Сөз сөйлеушілер қауымды ҚР ДСМ этика мәселелері жөніндегі Орталық Комиссияның құрылғанына 10 жыл толуымен құттыктады және Комиссияның елдегі және аймақтағы этикалық сараптаманың құрылуы мен дамуындағы жүйесінің  жетекшілік рөліне тоқталды. Сондай-ақ, барлық қатысушылар Этикалық комиссия Форуымның өте уақтылы бастама құруын қолдады, ол еліміздің денсаулық сақтау жүйесінде этикалық комиссиялардың жауапкершілігін және рөлін күшейту біріктіруге мүмкіндік береді.

 

Конференцияда негізгі спикерлер халықаралық деңгейдегі сарапшылар Френсис Кроули, Еуропаның тиісті клиникалық практикасы Альянсының атқарушы директоры, Джунтра Карбванг, Нагасаки Университетінің профессоры, SIDCER-FERCAP Foundation президенті, Кванчанок Юмти, этикалық комиссия мүшелеріне арналған MFES GF оқу бағдарламасының директоры және ұлттық сарапшылар болды.

 

Іс-шара барысында қатысушылар этика және этикалық сараптаманың өзекті мәселелері, Орталық комиссияның10 жыл ішінде құрылған сәтінен бастап қызметінің қол жеткізілген қорытындыларын талқылады.

Іс-шараны Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы, ҚР ДСМ Этика мәселелері жөніндегі Орталық комиссия мен  «Этикалық комиссиялардың Форумы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

 

Сонымен қатар, конференция шеңберінде этикалық комиссияларының ұлттық денсаулық сақтаудың қазіргі заманғы реттеу клиникалық сынақтар және биомедициналық зерттеулер жалпы сапасын клиникалық зерттеулерде арттыру рөлі туралы этикалық комиссия мүшелері, реттеуші органдардың өкілдері, зерттеушілер қатысуымен республикалық кеңес өтті.

Талқылау қорытындысы бойынша ары қарайғы түсіндірмелер мен толықтырулар енгізуге ашық Қарар қабылданды

 

Сонымен қатар, Этика мәселелері жөніндегі жергілікті комиссиялардың мүшелеріне аккредиттеу үдерісі мен процедуралары бойынша тренинг өткізілді.  Тренингті Оңтүстік-Шығыс Азия елдері және Тынық мұхиты аймағы (FERCAP) этикалық комитеттердің Форумның Проф. Джунтра Карбванг (Juntra Karbwang Laothavorn), Таиланд Корольдігі; Проф.Кванчанок Юмти (Kwanchanok Yimtae), Таиланд Корольдігі халықаралық сарапшылар өткізді. Бұл тренинг Қазақстанда келесі жылдан бастап ЭК жұмысын  халықаралық стандарттарға сәйкес сапасы мен тиімділігін қамтамасыз үшін мақсатында сертификаттау жүйесі/аккредиттеу аналогиясы енгізілетіне көмектеседі. Барлығы 26 адам оқытылып, халықаралық сертификат алды.