ДСДРО менеджментті дамыту және корпоративтік басқару курсына қабылдау туралы хабарлайды

Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы 2019 жылдың 28-29 қаңтарында ДСДРО-да өтетін «Денсаулық сақтау жүйесінде корпоративтік басқару» тақырыбында семинар-тренингке қатысу үшін ШЖҚ-дағы МК бақылау кеңестерінің хатшыларын шақырады.

 

Тренинг корпоративтік басқару, менеджментті дамыту, кадрлармен қамтамасыз ету және  HR менеджмент бойынша оқытуға бағытталған. Алынған білім саланың стратегиялық мақсаттарын іске асыруға, медициналық ұйымдардың қызметінде заманауи HR-технологияларды пайдалануға мүмкіндік береді.

 

Курстың бағасы ҚҚС есебімен 17 752 теңгені құрайды, курстың ұзақтығы - 16 сағат (2 күн). Төлем БИН 110340017483 бойынша.

 

Тыңдаушылар тобы study@mail.kz электрондық мекен-жайына өтініштерді алғаннан кейін қалыптастырылады.

 

Оқуға келісім-шарт жасасу туралы ақпараттық хат және өтінім нысанын мына жерден таба аласыз. Оқытуға өтінімді  сонымен қатар сілтеме арқылы да қалдыруға болады.

 

Куәлік үшін қатысушылардың жеке басының көшірмесін жіберу қажет.

Байланыс: Астана қ. Иманова 13, тел .: 700950 ішкі 1087, 1046.