Бүгін Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының Астана қаласы мен Ақмола облысының медициналық ұйымдарының басшыларымен кездесуі өтті, онда денсаулық сақтау менеджерлерінің құзыреттілігі мен менеджментін дамыту мәселелері талқыланды.
Кездесуде медициналық ұйымдардың қаржылық, кадрлық және материалдық-техникалық ресурстарын басқарудың экономикалық моделі мәселелері, сондай-ақ шығыстарды оңтайландыру және ресурстарды ұтымды пайдалану есебінен қызметкерлердің жалақысын арттыру мүмкіндіктерін іздеу тәсілдері қаралды.
Қатысушылар қызметінің ерекшелігін ескере отырып, медициналық ұйымдарды басқаруға арналған құрал ретінде ұсынылған модельді зерттеуді және пайдалануды ұсынды.
Сондай-ақ, денсаулық сақтау менеджерлерінің құзыреті және медициналық ұйымдар басшыларының KPI бойынша олардың үздіксіз кәсіби даму жеке жоспарларында көрсетілген құзыреттер тізбесін өзектендіру үшін ұсыныстар жинау және талқылау өткізілді.
Жеке жоспарлар Денсаулық сақтау менеджерлерін оқыту және дамыту үшін қандай да бір құзыреттілікке қажеттілікті анықтауға мүмкіндік береді. Осы деректерді негізге ала отырып, өңірлердегі денсаулық сақтау менеджерлерін қандай дағдыларға үйрету қажеттігі туралы қорытынды жасауға болады
"Lifelong learning" менеджерлерін даярлаудың жаңа жүйесінің ерекшелігі тек білім алуға ғана емес, үздіксіз өз білімін жетілдіругенегізделген.
ДСДРО Менеджмент орталығы денсаулық сақтау жүйесінде менеджментті дамытудың өзекті мәселелерін одан әрі талқылау үшін бірқатар осындай бейресми кездесулер өткізуді жоспарлап отыр.