ДСДРО Тұрақты даму мақсаттары бойынша жиналысқа қатысты
- Толығырақ
- Автор: Super User
2019 жылдың 16 ақпанында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтауды дамыту орталығының Жаһандық денсаулық сақтау орталығының қызметкерлері Тұрақты даму мақсаттары жөніндегі Ұлттық экономика министрлігінің Экономикалық зерттеулер институты ұйымдастырған семинар-жиналысына қатысты.
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 2018 жылдың жұмыстарын қорытындылады және алдағы кезеңнің міндеттерін айқындады
- Толығырақ
- Автор: Super User
Бүгін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2018 жылғы қызметінің қорытындылары мен 2019 жылдың міндеттері бойынша кеңейтілген алқа отырысы өтті.
Іс-шараға ҚР Парламентінің депутаттары, ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Премьер –Министрінің, орталық мемлекеттік органдардың өкілдері, Алқа және Қоғамдық кеңестің мүшелері, әкімдердің орынбасарлары, өңірлердің денсаулық сақтау басқармаларының, ведомстволық бағынысты ұйымдардың, аумақтық департаменттердің басшылары және т.б. қатысты.
ДСДРО қызметкерлері қоғамдық денсаулық сақтау саласында ТЖ кезінде әрекет етуге үйретіледі
- Толығырақ
- Автор: Super User
ДСДРО Жаһандық денсаулық сақтау орталығының қызметкерлері қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ТЖ жедел орталығының қызметін ұйымдастыру және ТЖ кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасындағы жедел өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мәселелері бойынша министрліктер мен ведомстволардың басшы құрамына арналған оқыту тренингіне қатысты.
CDC сарапшылары (Centers for Disease Control - АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары, АҚШ Денсаулық сақтау министрлігінің Федералдық агенттігі) жаттықтырушылар ретінде болады.
ДСДРО корпоративтік басқару бойынша семинар өткізді
- Толығырақ
- Автор: Super User
28-29 қаңтарда Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы «Денсаулық сақтау жүйесінде корпоративтік басқару» тақырыбында семинар-тренинг өткізді, оған медициналық ұйымдардың қадағалау кеңестерінің 26 хатшысы қатысты.
Тренинг корпоративтік хатшылардың және байқау кеңестің хатшыларының әлеуетін арттыруға, білімді тереңдетуге және корпоративтік басқару саласындағы біліктіліктерін арттыруға бағытталған.
ДСДРО қызметкерлері фармакоэкономикалық үлгілеу әдістері жөніндегі тренингке қатысады
- Толығырақ
- Автор: Super User
2019 жылғы 24-25 қаңтар аралығында ДСДРО қызметкерлері үшін халықаралық деңгейдегі сарапшы, профессор Золтан Калоның қатысуымен"Фармакоэкономикалық үлгілеу әдістері" тақырыбында тренинг өтеді.
Іс-шара қызметкерлердің әлеуетін арттыруға, денсаулық сақтау экономикасы және медициналық технологияларды бағалау саласындағы білімді тереңдету мен дағдыларды жетілдіруге бағытталған.