Алматыда қалалық медициналық ұйымдар бойынша ақпараттық тур болып өтті

Бүгін Алматыда Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының қолдауымен«Khan Turan Travel» ЖШС ұйымдастырған қалалық медициналық ұйымдар бойынша ақпараттық тур болып өтті.
 
Іс-шара барысында қазақстандық турагенттер Алматының жетекші клиникаларында болды: «Орталық клиникалық аурухана» АҚ, «А. М. Сызғанов атындағы Ұлттық ғылыми хирургия орталығы» АҚ, «Көз аурулары ҚазҒЗИ» АҚ, «Persona»халықаралық клиникалық репродуктология орталығы,«Рахат клиникасы» ЖШС, «Императорлық дәрігер» Қытай медицинасы орталығы Қазіргі заманғы рефлексотерапия орталығы және денсаулық бутигі» және «Бурундай минералды сулары сауықтыру орталығы». Ақпараттық турға қатысушыларды қазақстандық клиникалар ұсынған жаңа технологиялармен, мүмкіндіктермен және қызметтермен таныстырды.
 
«Медициналық туризмді және импортты алмастыруды дамыту» жобасын жүзеге асыру аясында ұйымдастырылған іс-шараға 26 туристік компания өкілдері қатысты.
 
Сондай-ақ, ақпараттық тур барысында шетелдік пациенттерді тарту, қазақстандықтардың шетелге емделуге кетуін азайту, туристік компанияға жүгінген пациенттерді Қазақстандағы емдеудің инновациялық технологиялары мен сапасы туралы ақпараттандыру, сондай-ақ туристік компаниялар кеңселерінде ҚР медициналық ұйымдары туралы ақпараттық материалдарды тарату тәсілдері бойынша өзара ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
 
Іс-шара барысында бірқатар кездесулер өткізіліп, Қазақстанның медициналық туризмін дамыту және ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.