26 қарашада Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаевтың төрағалық етуімен ана, перинаталдық өлім-жітімнің құпия аудитін және қиын жағдайлардың аудитін қорытындылау бойынша республикалық кеңес өтті.
Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы ұйымдастырған кеңеске 150 адам, оның ішінде Денсаулық сақтау басқармаларының басшылары, перинаталдық орталықтардың бас дәрігерлері, ана мен перинаталдық өлім-жітімге құпия аудит жүргізу жөніндегі өңірлік үйлестірушілер мен сарапшылар, акушер-гинеколог дәрігерлер, неонатологтар мен Қазақстанның барлық аймақтарынан келген перинаталдық орталықтардың акушерлері қатысты.
Өз сөзінде Денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева жағдайды объективті талдау үшін босандыру ұйымдарының ана өлімі туралы шынайы мәліметтерді ұсынуының маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, Ләззат Ақтаева соңғы 20 жылдағы Қазақстандағы ана өлімінің ресми статистикасының деректерін ұсынды.
Кеңестің модераторлары ретінде Ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының «UMC» ҚФ профессоры Гаури Бапаева, ана мен бала ұлттық ғылыми орталығының «UMC» ҚФ профессоры және ұлттық сарапшы Тамара Чувакова, UNFPA бағдарламасының үйлестірушісі Гаухар Абуова, ЮНИСЕФ бағдарламасының денсаулық сақтау және тамақтану жөніндегі үйлестірушісі Қанат Суханбердиев сөз сөйледі.
Іс-шара шеңберінде құпия аудиттің қорытындысы, оны енгізудің әдіснамасы мен проблемалары, осы әдіснаманы енгізудегі өңірлік үйлестірушілердің тәжірибесі шығарылды. Кеңес соңында қатысушылар ана, перинаталдық өлім-жітімнің құпия аудиті және Қазақстандағы қиын жағдайлардың аудиті бойынша резолюция қабылдады.
Ана мен перинаталдық өлім-жітім босандыру және медицина жүйесін дамытудың негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Құпия аудитті енгізу халықаралық ұйымдардың (ДДҰ, ЮНФПА, ЮНИСЕФ) техникалық қолдауымен елімізде 2009 жылдан бастап енгізілген ана мен перинаталдық өлім-жітімді азайтуға арналған ҚР Денсаулық сақтау министрлігі қызметінің басым саласына жатады.
2017 жылдан бері аудитті енгізу аймақтандырудың 3-деңгейіндегі акушерлік стационарлар үшін міндетті болып табылады. 2-деңгейдегі босандыру ұйымдары аудитті талабы бойынша жүргізеді.
Бүкіл әлемде болған оқиғаның жүйелі себептерін анықтау және оларды түзету жұмыстары үздік нәтижелерге алып келгенін түсініп, осындай практикадан кетсе де, Қазақстанда бүгінгі күнге дейін ана мен перинаталдық өлім-жітімнің әрбір жағдайы үшін жазалау тәжірибесі сақталуда.
Құпия аудиттің мақсаты өлім-жітімге әкеп соқтырған жүйелі себеп-салдарлық байланыстарды орнату жолымен ана өлімін төмендету және алдын алу, кейіннен медициналық персоналдың әкімшілік жазасын толық алып тастай отырып, оларды болдырмау үшін ұсынымдар әзірлеу болып табылады.