2018 жылғы 7-8 наурызда Парижде, Франция Үкіметі мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен P4H ғаламдық желісінің Техникалық үйлестіру тобының (TCG) отырысы өтті.
TCG медициналық қызмет көрсетуді әмбебап қамту бірыңғай мақсатымен денсаулық сақтау саласындағы қаржыландыру және экономика сұрақтары бойынша P4H ғаламдық желісінің басқару топтарының бірі болып табылады.
P4H желісі 13 мүше ұйымдардан тұрады. Олар: Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы, Дүниежүзілік банк, Халықаралық еңбек ұйымы, Африкалық даму банкі, Азия даму банкі, Ғаламдық қор, ДСДРО және Франция, Германия, Испания, Марокко, Швейцария және АҚШ денсаулық сақтау институттары.
Дөңгелек үстелге қатысушылар P4H веб-платформасының мүмкіндіктерін, жаһандық P4Н желісінің мүше ұйымдары арасындағы ынтымақтастықтың жедел мүмкіндіктерін, денсаулық сақтауды қаржыландырудың аймақтық ерекшеліктерін және де медициналық технологияларды бағалаудың жаңа тәсілдерін талқылады.
Осы іс-шарада Қазақстанның мүддесін білдірген ДСДРО Денсаулық сақтау экономикасы орталығының басшысы және де P4Н желісінің TCG мүшесі Зарина Темекова.
ДСДРО өкілі «Мүше ұйымдардың техникалық және географиялық тұрғыдан жұмысының бірлескен ғылыми бағыттары» тақырыбында баяндама жасады.
Баяндамада Қазақстанның P4Н-пен және басқа да ұйымдармен P4Н алаңында ынтымақтастық перспективалары көрсетілді. Орталық Азия және ТМД елдерінің өкілі ретінде Қазақстанмен осы серіктестіктің стратегиялық маңызы атап өтілді. Сондай-ақ, денсаулық сақтауды қаржыландыру мәселелері, МӘМС-ды енгізу, оның ішінде өзін-өзі жұмыспен қамтушыларды есепке алу, ТМККК және МӘМС үшін пакеттер әзірлеу сұрақтары және де P4H платформасының беретін басқа да мүмкіндіктері талқыланды.
Сонымен қатар 2018 жылы 26-27 маусымда Астана қаласында P4H-пен бірлесе отырып өткізілетін «Халықты әмбебап медициналық көмекпен қамтуды қамтамасыз етуге арналған денсаулық сақтауды қаржыландыру реформалары» серіктестік ынтымақтастық бойынша Халықаралық Конференциясының бағдарламасының жобасы жарияланды.
Айта кетейік, 2017 жылы Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау секторын қаржыландыру, экономика және денсаулық сақтауды әлеуметтік қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты қамтамасыз ететін жаһандық P4H (Providing for Health) желісіне енді, сондай-ақ, ШЖҚ РМК «Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы» ҚР ДСМ осы желінің басқару комитеті мүшесі болып тағайындалды. Қазақстанды P4H желісіндегі толық қатысушы ретінде тану туралы шешім 2017 жылдың 27 қыркүйегінде Бонн қаласында (Германия) жасалды. Бұл платформа қатысушы елдердің денсаулық сақтау жүйесін нығайтуға, сондай-ақ сапалы қызмет көрсетуге тең қолжетімділік орнатуға және қаржылық тәуекелден қорғауға ықпал етеді, және халықты әмбебап медициналық көмекпен қамту саласындағы халықаралық серіктестер мен инвесторлардың кең ауқымын қамтиды. Бұл ғаламдық желінің негізгі мақсаты халықты медициналық қызметтермен әмбебап қамту болып табылады.