12-14 наурызда Астанада «Дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қаржыландыру жүйесі аясында медициналық технологияларды бағалау әдістері және оларды қолдану» тренингі өтуде.
Тренер – Dentons халықаралық кеңесшісі, Dentons Business EMEA халықаралық компаниясының стратегиялық медициналық технологиялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі, Польшаның бұрынғы Денсаулық сақтау вице-министрі Криштоф Ланда.
Тренингті «Химфарм» АҚ, Польфарма компаниялар тобының қолдауымен Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы ұйымдастырып отыр.
Тренинг тыңдаушылары екі күн бойы клиникалық сынақтардың қолданылу әдістерімен, зерттеулер нәтижелерінің биостатистикасы және интерпретациясы негіздерімен, жүйелі шолулармен және метаталдаулармен, экономикалық бағалаумен және экономикалық талдау түрлерімен, терапиялық, фармакологиялық және технологиялық инновациялармен және оларды қолданудың ұтымды жолдарымен, сондай-ақ медициналық технологияларды бағалаудың басқа да өзекті мәселелерімен танысады.
Тренинг қорытындысы бойынша қатысушыларға халықаралық үлгідегі сертификат беріледі.
Сондай-ақ, өткізілген тренинг қорытындысы бойынша 15-16 наурызда Астанада халықаралық сарапшылардың қатысуымен «Денсаулық сақтау саласын стратегиялық басқарудағы және реттеудегі медициналық технологияларды бағалау: дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қаржыландыру жүйесі аясында ұлттық және аймақтық деңгейде шешімдер қабылдау» атты сараптау жиыны болады.
Жиын аясында МӘМС жеңілдіктердің базалық пакетін қалыптастыру кезіндегі МТБ ролін, МТБ негізінде актуарлық жұмыстардың, МТБ бойынша ұлттық басшылықтың, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуді қаржыландырудың реттелу қажеттілігін қарастыру жоспарлануда.