ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы дәрігерлердің жалақысын өсіруді әдістемелік қолдау мақсатында «ШЖҚ МК нысанындағы медицина ұйымдарының қызметкерлеріне еңбекке ақы төлеу және уәждеу туралы» үлгілік ереже әзірледі.
Үлгілік ереже шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарға ұйымның ішкі ресурстарын тиімді басқару есебінен қызметкерлерге еңбекақы төлеу жүйесін қайта қарауы үшін арналған.
«Мемлекеттік мүлік туралы» ҚР-ның заңына сәйкес (138-бап 2-т.): «Еңбекке ақы төлеу нысандарын, штат кестесiн, лауазымдық айлықақылар мөлшерiн, сыйлықақы беру және өзге де сыйақы жүйесiн шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорын белгiленген еңбекке ақы төлеу қорының шегiнде дербес айқындайды..
Сондай-ақ, ҚР Еңбек кодексіне сәйкес (107-бап) Еңбекке ақы төлеу жүйесі еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарында және (немесе) жұмыс берушінің актілерінде айқындалады.
Осылайша, Еңбекақы төлеу туралы үлгілік ереженің негізінде жұмыс беруші бекітетін Еңбекақы төлеу туралы ереже жұмыс берушінің актісі болып табылады, оның негізінде еңбекақы төлеу жүйесі қайта қаралуы мүмкін.
«ШЖҚ МК нысанындағы медицина ұйымдарының қызметкерлеріне еңбекке ақы төлеу және уәждеу туралы» үлгілік ереженің негізгі құрамдас бөліктері мыналар болып табылады:
- барлық медицина ұйымдарына арналған индикаторды енгізу - дәрігердің орташа жалақысының аймақ экономикасындағы орташа номиналды жалақыға ара қатынасы 1,5-тен кем болмауы тиіс;
- қызметкерлерге еңбекақы төлеу оның ұйым қызметіне қосатын еңбек үлесіне қарай анықталады және ҚР-ның қолданыстағы заңнамасымен реттеледі. Атап айтқанда, медицина персоналының лауазымдық жалақылары мөлшерін анықтау үшін маңыздылық топтары бойынша сараланған 1,1-ден 5-ке дейінгі арттырушы коэффициенттер белгіленеді;
- штат мамандарға деген нақты қажеттілікке сәйкес қалыптастырылады. Медициналық ұйымның ерекше өзекті қызметкері – дәрігерден бастап, одан кейін ұйымның қаржылық мүмкіндіктері (еңбекке ақы төлеу қоры) ескеріле отырып, мамандардың ортақ іске қосатын үлесі, еңбекақы төлеуге арналған шығындар есепке алынып, персоналдың қажеттілігі айқындалады.
Осы орайда, жылдар бойы қалыптасқан еңбекақы төлеу жүйесін қайта қарау ШЖҚ МК басшылары мен мамандары тарапынан есептемелер жүргізуді, күрделілігі мен маңыздылығы бойынша бөлімшелерді және лауазымдарды бөлуді, қаржы көздерін іздестіруді және қайта бөлуді талап етеді.
Бұл ретте үлгілік ережені енгізу медициналық ұйымдардың басшыларына үлкен жауапкершілік жүктейді және басқару тәсілдерін түрлендіруді көздейді, ал ұжымнан (экономисттер, кадр қызметі, дәрігерлер) ережені бейімдеуге тікелей қатысуын талап етеді, нәтижесінде жұмылым атқарылған тиімді жұмыс медицина қызметкерлердің еңбекақысының лайықты деңгейге жетуіне мүмкіндік беруі тиіс.