Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының базасында №83 «Электрондық денсаулық сақтау» техникалық комитеті «Эталондық ақпараттық модель» стандартының жобасын әзірледі.
Қазіргі уақытта денсаулық сақтау саласында көптеген медициналық ақпараттық жүйелер жұмыс жасауда, олардың кейбірін медициналық ұйымдар күнделікті қызметтерін автоматтандыру үшін пайдаланса, кейбірі медициналық ұйымдардан аймақтық және орталық басқару органдарына келіп түскен статистикалық, аналитикалық және қаржылық ақпаратарды жинау үшін қолданылады. Осылайша, ақпараттық жүйелер көмегімен ұлттық денсаулық сақтау саласы жақсартады.
Ақпарат бір ақпараттық жүйеден екіншісіне берілген кезде, бұл жүйелердің негізгі ақпаратты бірдей қабылдау қабілеті маңызды. Осы орайда жүйелерге семантикалық өзара үйлесімділік қажет. Сондықтан ҚР Денсаулық сақтау министрлігі халықаралық қоғамдастық қабылдаған ақпараттық жүйелердің өзара әрекеті үшін HL7 V3 стандартын енгізіп отыр. «Денсаулық сақтау саласындағы информатика - HL7 3 нұсқа - Эталондық ақпараттық модель - 4-шығарылым» стандарты HL7 стандарттарының бір бөлігі, сонымен қатар ол- денсаулық сақтау ақпараттық жүйелерінің өзара әрекеттесуін қамтамасыз ету платформасының құрылымында негізгі болып табылады, себебі ол медициналық ақпараттың кешенді моделіне негізделген.
Эталондық ақпараттық модельдің абстрактты стилі мен терминдерді анықтау арқылы модельді кеңейту мүмкіндігі денсаулық сақтау жүйесіндегі барлық ақпарат алмасу үдерістерінің сценарийлері үшін ықтимал. Стандартты енгізу медициналық ақпарат алмасудың тиімділігіне оң әсерін тигізеді, емделгендердің санын көбейтеді, ақпараттық жүйелер арасындағы медициналық деректер алмасу тиімділігін арттырып емдеу шығындарын азайтуға, медициналық мекемелер, жеке мамандар мен науқастардың арасындағы өзара түсіністігін арттыруға, септігін тигізетін болады.
Стандарт жобасымен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің ресми сайтында www.memst.kz мекен-жайы бойынша «Ұйымның қызметі» - «Техникалық реттеу» - «Құжаттардың жобалары» – «Стандарттау жоспарының негізінде Қазақстан Республикасының ұлттық стандарттарын талқылау» бөлімінде танысуа болады.