ЮНИСЕФ: Қазақстанда 25 жылдық табысты ынтымақтастық

Кеше Астанада ҚР Үкіметі мен ЮНИСЕФ қорының 2016-2020 жылдарына арналған ынтымақтастығы бағарламасының шеңберіндегі ЮНИСЕФ-тің Казақстандағы 2017 жылы атқарылған жұмысының нәтижелерін талқылау бойынша жыл сайынғы кеңесі өтті.

ҚР Үкіметі мен ЮНИСЕФ ынтымақтастығының негізгі мақсаты Қазақстанның ең осал және әлеуметтік жағынан ұрымтал балалар мен олардың отбасыларының құқықтарына ерекше назар аударуымен балалардың құқықтарын тұрақты жүзеге асырылуы жолындағы прогресінің нығайтуы мен дамытуына күш салуын қолдауында.

Кеңесте ҚР Парламентінің депутаттары, денсаулық сақтау, білім және ғылым, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, ішкі істер Министрліктерінің өкілдері, сонымен қатар ҮЕҰ, академиялық ортаның, халықаралық ұйымдарының, БҰҰ агентіктерінң өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау министрлігі атынан Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының бас директоры Айнұр Айыпханова сөз сөйледі. Вакцинация, медициналық ұйымдардағы мейіргерлік қызмет көрсетудің жаңа үлгісін пилоттық түрде іске асыруға, сондай-ақ бала жарақаттарының мониторингісін жетілдіруге бағытталған  құпия аудиті бойынша ҚР ДСМ және БҰҰБҚмен бірлескен қызметтің жетістіктері мен нәтижелері туралы мәлімдеме жасады.

Денсаулық сақтауды цифрландыру щеңберінде «Патронаж мейіргері», «Кішкентай балаларға қамқорлық», мобильді қосымшаларды әзірлеу жөніндегі іс-шаралар нәтижелері туралы Республикалық электрондық денсаулық сақтау орталығының бас директоры Олжас Әбішев мәлімдеме жасады.

«Биыл ЮНИСЕФ Қазақстан Үкіметімен 25 жылдық серіктестігін атап жатыр. Біздің ынтымақтастығымыз 1990 жылдары басталып, содан бері біз айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік,» - деп атап өтті Қазақстандағы ЮНИСЕФ Өкілі Юрий Оксамитный. «Тек өткен жылда ғана жасалған жобалардың қорытындысы бойынша пилоттық аймақтарда балалар мен нәрестердің арасында өлім төмендеді, ал жасөспірімдер арасындағы суицидті төмендету жобасы 19-20 қаңтарда Алматыда өткен балалар мен жасөспірімдердің психикалық денсаулығын нығайтуына арналған алғашқы жаһандық конференцияға негіз болды».

Баланың құқықтарыныңсапасы және теңдігіне қолжетімділігі аспектілерін қамтамасыз етудегі кедергілер,  стратегиялық басымдықтарды 2018 жылы және одан кейінгі жылдары келісілген, жиналыс барысында 2017 жылғы Ынтымақтастық бағдарламасын жүзеге асырылуына талдау жасалды.