ХАБАРЛАНДЫРУ

ҚР ДСМ Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің 2018 жылға арналған мемлекеттік тапсырмасын іске асыру шеңберінде мынадай қызметтер көрсетуге арналған баға ұсыныстарын жинауды жүргізеді (кейіннен оларды аутсорсингке беру мақсатында):

  1. «Қоғамдық денсаулық сақтау қызметін (ҚДСҚ) құру және сектораралық өзара іс-қимылды дамыту» жобасын іске асыруды мониторингілеу;
  2. «Қоғамдық денсаулық сақтау» мамандығы бойынша біліктілікті арттыру курстарын жүргізу;
  3. Денсаулық сақтау саласындағы есептілік ауыртпалығын қысқарту бойынша ДДҰ-ның есебін талдау;
  4. «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» ҚР Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907  бұйрығына есептілік ауыртпалығын қысқарту мақсатында және цифрландыруды ескере отырып, ұсыныстар енгізу.

Толық ақпарат сілтеме бойынша.

Қызығушылық танытқан тұлғалардан баға ұсыныстарын 2018 жылғы 25 сәуірге дейін tyulyubaeva_zh@rcrz.kz электрондық мекенжайына жіберуді сұраймыз, +7 (7172) 700-950 (ішкі 1044) телефоны бойынша сұрақтар қоюға болады.