Астанада Қазақстан Республикасындағы медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамытудың негізгі бағыттары талқыланды

Бүгін Астанада № 9 қалалық емхана базасында Денсаулық сақтау министрі Е.А. Біртановтың төрағалығымен Медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) саласындағы жетекші сарапшылардың, практикалық денсаулық сақтаудағы, үкіметтік емес ұйымдардың, соның ішінде Қазақстандағы отбасылық дәрігерлер қауымдастығының және жекеменшік бизнес, сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдерінің қатысуымен МСАК-ті жаңғырту және басым дамыту мәселелері жөніндегі дөңгелек үстел отырысы өтті.

Дөңгелек үстел отырысында МСАК-ті жаңғырту және басым дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс тобы әзірлеген, денсаулық сақтау саласындағы халықаралық және ұлттық сарапшылардың ескертулері мен ұсыныстары ескерілген «Қазақстан Республикасындағы медициналық-санитариялық алғашқы көмекті дамытудың негізгі бағыттары» Тұжырымдамасының жобасы талқыланды.

ҚР ДСМ-нің Жобалық басқару департаментінің директоры Тимур Сұлтанғазиев өз баяндамасында, қазіргі таңда Қазақстанда жүргізіліп отырған МСАК-ті жаңғырту және басым дамыту өз кезегінде тіркелген халыққа отбасылық принципте қызмет көрсетуді дамыту, іс-шараларды алдын алуды күшейту, отбасы және қоғам деңгейінде ана мен бала денсаулығын қорғау саласын күшейту, амбулаториялық деңгейде басқарылатын негізгі созылмалы ауруларды ерте анықтау және алдын алу, амбулаториялық дәрілік қамтамасыз етуді жетілдіру, науқастардың қажеттілік деңгейінде барлық денсаулық сақтау қызметтерін интеграциялау, МСАК-тің әлеуметтік бағытын және мультидисциплинарлық тәсілді қамтамасыз етумен сектораралық өзара іс-қимылды күшейту, білім беру, науқастардың, сондай-ақ олардың отбасы мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау, кадрлық әлеуетін арттыру, әр азаматтың өз денсаулығына ортақ жауапкершілігін іске асыруды қажет екендігін атап өтті.

«МСАК – науқастың денсаулық сақтау жүйесімен біріншілік қатынаста болатын жері: 80 % көрсетілетін медициналық қызметтер амбулаториялық-емханалық деңгейде жүргізіледі. Қазақстанда МСАК деңгейінде ауруларды басқару бағдарламалары, үздік тәжірибе орталықтарын құру, патронаждың әмбебап үдемелі моделі, теңдестірілген көрсеткіштер жүйесі арқылы бағалау, ақпараттық технологияларды енгізу тәжірибесі жинақталғанын» - Тимур Сұлтанғазиев атап өтті.

Баяндаманы қорытындылай, ҚР ДСМ-нің Жобалық басқару департаментінің директоры Тимур Сұлтанғазиев, Қазақстан Республикасында МСАК-ті дамытудың негізгі бағыттарын енгізу жеке тұлғаның, отбасы және қоғамның қажеттіліктеріне, МСАК қаржыландыру экономикалық тиімділігіне бағытталған әмбебап-жинақталған, медициналық-әлеуметтік және профилактикалық көмекті қамтамасыз ететіндігін айтты.