Бүгін Астанада ТМД мемлекет-қатысушыларының мемлекетаралық мәжілісі өтіп, онда әлемдік денсаулық сақтау ұйымымен өзара ынтымақтастықты дамыту мәселелері талқыланды.
Мәжіліске, ТМД мемелкет қатысушыларының мүшелері, сонда й-ақ Швейцария, Түркия және ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен Республикалық денсаулықты сақтаудамы орталығының өкілдері қатысты.
Іс-шара барысында ТМД мемелкет-қатысушылары 71-ші әлемдік денсаулық сақтау Ассамблеясы резолюциясына және 2019-2023 жылдарға арналған он үшінші жалпыбағдарлама жұмысына ұсыныстар айтылды. Мәжіліске қатысуышлардың айтуынша, жалпы бағдарлама жұмысы стратегиялық маңызы бар жоспарларды іске асыруда, бағдарламалық бюджетті қамтып, оны тез әрі сапалы орындауда басшылық етіп, екі жылда жүзеге асыруда септесетін болады.
Мәжілісте сондай-ақ, алғашқы медико-санитарлық көмек көрсетудегі мәселелер көтерілді. Бүгінгі таңда, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бастамасымен «Пациентке қажетті денсаулық сақтау аясындағы қызмет көрсетуді интеграциялау» жобасы мемелкеттік органдарда іске асырылуда.
Бұл бағытта Қазақстан өзінің ұсынып отырған жобасы халықты өз денсаулығын басқаруда белсенді қатысуға үйретеді. Бұл мақсатта еліміз алғашқы көмек көрсетудің ұлттық концепциясын жасаған.
Мәжіліс барысында қатысушы-мемлекет өкілдері денсаулық сақтауды қаржыландыру реформасы барысында өзара ынтымақтастықты орнатудағы мәселелер мен ұлттық есеп, әлеуметтік медициналық сақтандыру және дәлелдемелі медицинаның мәселелерін өзара жан-жақты талқылады.