14 сәуірден бастап шаруашылық жүргізу құқығында жұмыс істейтін мемлекеттік кәсіпорындар нысанындағы медициналық ұйымдар қадағалау кеңестерінің құрамын сапалы жақсартуға мүмкіндік беретін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 20 ақпандағы № 113 бұйрығына енгізілген өзгерістер өз күшіне енеді.
Енгізілген түзетулер медициналық ұйымдар қадағалау кеңестерінің құрамына тәуелсіз мүшелерді: іскерлік қоғамдастық, қоғам, «Атамекен» ҰКП өкілдерін және бизнесті жүргізуде, бизнес процестер мен корпоративтік басқаруды оңтайландыруда тәжірибесі бар басқа да тұлғаларды қосуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ, жұмыс тәжірибесіне байланысты қадағалау кеңесіне сайланған тұлғаларға қойылатын талаптар қысқартылды, конкурстық құжаттарды беру тәртібі жеңілдетілді.
Республикалық деңгейде құжаттарды қабылдау және конкурстарды ұйымдастыру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігімен, облыстық деңгейде - облыстардың және Астана, Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармаларымен жүзеге асырылады.
Өзгерістер Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласын дамытудың «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде және денсаулық сақтау ұйымдарында корпоративтік басқару қағидаттарын енгізуге бағытталған.
Қазіргі уақытта облыстық денсаулық сақтау ұйымдарының 82% ШЖҚ МК нысанына ауыстырылды. Сарапшылардың, бизнес-кеңесшілердің, тәжірибелі менеджерлердің қадағалау кеңестерін күшейту жұмыстары корпоративтік басқару принциптерін енгізуді жеделдету, басқару тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Бұйрықпен мына сілтеме арқылы танысуға болады.