ДСДРО бас дәрігерлерді денсаулық сақтау ұйымдарында менеджменттің дамуын талқылауға шақырады

27 қарашада ДСДРО Астана және Ақмола облысының медициналық ұйымдарының басшыларымен кездесу өткізеді, оның барысында денсаулық сақтаудағы менеджментті және денсаулық сақтау менеджерлерінің құзыреттілігін дамыту мәселелері талқыланады.

 

 Кездесуде медициналық ұйымдардың қаржылық, кадрлық және материалдық-техникалық ресурстарын басқарудың экономикалық моделі мәселелері қаралады, шығындарды оңтайландыру және ресурстарды ұтымды пайдалану есебінен қызметкерлердің жалақысын арттыру мүмкіндіктерін іздеу тәсілдері талқыланады.

 

Үздіксіз кәсіптік дамудың жеке жоспарларында көрсетілген құзыреттер тізбесін одан әрі өзектендіру үшін денсаулық сақтау менеджерлері құзыреті мен медициналық ұйымдар басшыларының KPI бойынша ұсыныстарды талқылау және жинау жоспарланады.

 

Өтетін орны: Астана қаласы, "Нұрсәулет" бизнес-орталығы, конференц-зал.

Байланыс мәліметтері: ДСДРО Менеджмент орталығы, тел: + 7717700950 (ішкі 1104,1075), е-mail: imzrk@bk.ru

Басталуы: 2018 жылғы  27 қараша  күні сағат 15: 00-де

Байланысу тұлғалары:  Апеисова Дарига Ергалиевна, тел.: +77012557503; Кабдуева Гульден Акановна +77780001306