11 мен 14 қараша аралығында Женевада 18 ұйымдастырушылары Фармакоқадағалау жөніндегі халықаралық қоғам болып табылатын «Шексіз фармакоқадағалау» тақырыбына арналған конференция өтті.
Іс-шара фармакологиялық қадағалаудың өзекті мәселелерін талқылау және оңтайландыру, халықты емдеу тиімділігі мен қауіпсіздігін жақсарту үшін дәрілер туралы неғұрлым толық және анық деректері пайдалану мүмкіндіктерін ашу үшін жыл сайын өткізіледі.
Қазақстанның атынан іс - шараға ДСДРО дәрілік заттарды және медициналық технологияларды ұтымды пайдалану орталығының қызметкерлері Гульзира Жусупова және Динара Утепова қатысты. Конференцияда олар «ДДҰ ұсынымдарын пайдалана отырып Қазақстандағы 2012-2017 жылдар аралағында антибиотиктердің тұтынулуын бағалау» тақырыбындағы постерлі баяндамамен сөз сөйледі.
Биылғы жылы конференция, антибиотикке тұрақтылық туралы ғаламдық хабардарлықты жоғарылатуға бағытталған, антибиотиктерді дұрыс қолдану Дүниежүзілік апталығының өткізілуімен тұспа-тұс келді.
Антибиотиктерге тұрақтылық –жаһандық денсаулық сақтау ушін елеулі қауіп. Әлемнің барлық бөліктерінде бұл жұқпалы ауруларды емдеу мүмкіндіктеріне қауіп төндіре отырып, жол берілмейтін жоғары деңгейге көтерілуде.