Қазақстанда медициналық туристер үшін бірыңғай портал мен "call-орталығы" жұмыс істейді

8-9 қарашада Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы мемлекет басшыларының қатысуымен «Қазақстан және Ресей туризмінің дамуындағы тенденциялар мен жаңа тәсілдер» аймақаралық ынтымақтастығының XV форумы өтеді.

 

Форумның басты мақсаты тек саясат, экономика және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық салалары ғана емес, сонымен қатар туристік қызметті дамыту саласы, оның ішінде медициналық туризм салаларындағы мемлекетаралық ынтымақтастықты дамыту.

 

Форум аясында қазақстандық-ресейлік туристік көрмесі өтеді.

 

Қазақстанның туристік саласын еліміздің 12 жетекші медициналық мекемелер, соның ішінде ұлттық медициналық орталықтар, шекаралас медициналық және санаторлық-курорттық ұйымдар, жеке-меншік клиникалар ұсынады.

 

Өздерінің экспозицияларын ұсынатын бес ұлттық орталық JCI (Joint Commission International) халықаралық сапа стандарттарына сәйкестігі тұрғысынан аккредиттелген.

 

Көрме аясында бизнес-байланыстар орнату, әлеуетті әріптестер іздеу және инвесторлармен бірлескен инвестициялық жобаларды орындау мақсатында В2В форматындағы екіжақты кездесулер жоспарланып отыр. 

 

Қазақстан клиникаларына жыл сайын әлемнің 45 мемлекеттерінен медициналық туристтер келеді. 90% шетелдік келушілер – ТМД елдерінің, соның ішінде Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінің азаматтары. Қалған 10 %-ы Қытай, Түркия, Иран және тағы басқа елдерден. Сол себептен, Қазақстан медициналық қызметтер көрсету аясын шекаралас елдер нарығына жылжытуға бағыттап, соның ішінде Ресей, басты әлеуетті клиенттер көзі ретінде қаралып отыр.

 

Қазақстанның басты артықшылығы, сәйкес медициналық қызметтерді төмен бағада ұсыну болып отыр.  Халықаралық сарапшылардың талдауына сәйкес, 7 хирургиялық қызмет бағасы медициналық туризмнің ең төмен бағасы ретінде танылған, көшбасшы Үндістанмен салыстырғанда, біздің елде төменгі дәрежеде.

 

Қазақстанда медициналық туризм анализ деректер көрсеткендей, туристтердің басым бөлігі кардиохирургиялық, нейрохирургиялық, стоматологиялық қызметтерді алуға, буындардың протезі, мүшелердің трансплантациясы, ЭКҰ жүргізуге мүдделі.

 

Бұл қызметтер Қазақстанда инновациялық құрал-жабдықпен жарақталған, дәрігерлер біліктілігін әлемнің үздік клиникаларында арттырған заманауи медициналық орталықтар және клиникаларда ұсынылады. Бұл клиникалардың кәсіби ресурстары науқастардың қауіпсіздігі мен қызмет көрсетудің жоғарғы дәрежесін қамтамасыз етеді.

 

Кардиохирургия (жасанды жүректің имплантациясы) және нейрохирургия саласында бірегей технологиялар енгізілген, барлық мүшелердің трансплантациясы жасалуда (2016 жылы мүшелердің 306 трансплантациясы жүргізілген), клеткалық трансплантация, ядролық диагностика қол жетімді, робототехникалық кинезотерапия, көмей стенозын емдеу және басқа да жоғары технологиялық  қызметтер көрсетеді. Осы жылдан бастап Астана қаласында томотерапия қызметтері қол жетімді болды, онкологиялық аруруларды емдеудің алдыңғы қатарлы әдісі болып табылады. Томотерапия ми ісігінің емдеуі, көру жүйкесі, өкпе және басқа мүшелердің кез-келген оқшаулауында және кез-келген дәрежеде 100% емделуін қамтамасыз етеді.

 

Одан бөлек, Қазақстан демалысқа, туризмге және спортқа жағдай жасайтын бірегей табиғи ресурстарға бай. 140-тан астам мекемелер сауықтыру қызметтерін ұсынады. Бұл қызмет бірегей табиғи көздерінің кешенді қолдануына негізделген. Қазақстан медициналық туризмнің бұл секторына климатотерапия, гидротерапия, балшықпен емделу, пантотерапия (марал мүйізінің сығындысы пайдалану) кіреді.

 

Шетелдік науқастарға Қазақстанның мүмкіндіктері туралы ақпарат алуға бірыңғай онлайн-портал www.medicaltourism.kz тестілік режимде жұмыс жасай бастады. Порталдың платформасы медициналық мекемелер туралы, олардың жабдықталғандығы, ұсынылатын қызметтері және олардың бағалары, мамандар мен олардың біліктілігі туралы  ақпаратты оңай алуға мүмкіндік береді.

 

Одан бөлек тегін Call-орталық іске қосылуы жоспарланып отыр.  1430 нөмері бойынша тәулік бойы, демалыссыз, ағылшын және орыс тілінде қазақстандық және шетелдік науқастар өздеріне керек ақпараттарды және кеңестерді алуға болады.

 

Осылайша, медицина қызметтерінің дәрежелі симбиозы, ыңғайлы логистикасы және төменгі бағасы Қазақстан медициналық туризмін айтарлықтай әлемдік деңгейге ілгерілетуге көмектеседі, шетелге шықпай-ақ өз елімізде сапалы қызмет алуға ықпалын тигізеді.

 

«Медициналық туризмді дамыту және импорталмастыру» жобасы аясында 2019 жылға 32 мыңнан астам шетелдік туристті тарту жоспарланып отыр, ол өз кезегінде медициналық туризмге 1 млрд. теңгеден астам кіріс табуға септігін тигізеді.