ДСДРО менеджментті дамыту және корпоративтік басқару курсына қабылдау туралы хабарлайды

Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығы өңірдегі медициналық мекемелер үшін «Денсаулық сақтау жүйесінде менеджментті және корпоративтік басқаруды дамыту» тақырыбында көшпелі семинарларға  тыңдаушылар жинақтауда.

 

Семинар медициналық ұйымдар  басшыларын және орынбасарларын, кадр қызметінің басшыларын  менеджментті дамыту, корпоративтік  басқару, кадрлармен қамтамасыз ету және HR менеджмент мәселелері бойынша оқытуға бағытталған. Алынған білімдер саланы дамытудың стратегиялық міндеттерін жүзеге асыруға, медициналық ұйымның қызметінде заманауи кадрлық технологияларды қолдануға ықпал етеді.

 

Оқу курсының құны ҚҚС есебімен 33160 (отыз үш мың бір жүз алпыс) теңгені құрайды, курс ұзақтығы - 54 сағат (5 күн). 

Оқуға келісім-шарт жасасу туралы ақпараттық хат және өтінім нысанын мына жерден таба аласыз. Оқытуға өтінімді  сонымен қатар сілтеме арқылы да қалдыруға болады.

Куәлік үшін қатысушылардың жеке басының көшірмесін жіберу қажет.

 

Тіркеу туралы сұрақтарыңыз болса 8 (7172) 700-950 телефоны бойынша (1087, 1096, 1040) ДСДРО-ң Менеджмент орталығының денсаулық сақтау кадр  ресурстар Обсерваториясына хабарласыңыз. Тыңдаушылар тобы (20 адамнан кем емес) study@mail.kz электрондық мекен-жайына тапсырыстар түсуіне байланысты қалыптасады.

Төменде өңірлерде өткізілетін  семинарлардың өткізу  алдын-ала кестесі келтірілген. 

  

Өткізілу орны

Аймақтар (өңірлер)

Алдын ала бекітілген күн

Орал қаласы

Батыс-Қазақстан облысы

Топ жасақталуына қарай

Павлодар қаласы

Павлодар облысы

Топ жасақталуына қарай

Талдықорған қаласы

Алматы облысы

Топ жасақталуына қарай