Қазақстанда жұлын жарықтары бар балаларға көмек көрсету жетілдірілетін болады
- Толығырақ
- Автор: Super User
11-12 сәуірде Нұр-Сұлтан қ. № 2 қалалық балалар ауруханасы базасында «Spina bifida» республикалық конференциясы өткізілді.
Конференцияға Санкт-Петербург қ. Г. И. Турнер атындағы балалар ортопедиялық институтының, республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының, медициналық білім беру және ғылым ұйымдарының басшылары, үкіметтік емес сектордың өкілдері, туа біткен жұлын жарықтары бар балалардың ата-аналары қатысты.
Қазақстанда туа біткен жұлын жарықтары бар (Spina bifida) балаларға медициналық көмек көрсетуді жетілдіру жөніндегі 2019-2020 жылдарға арналған жол картасы туралы ақпаратпен ДСДРО Медициналық көмекті жетілдіру орталығының интеграциялау бөлімінің бас маманы Жанара Кошалакова сөз сөйледі.
Жол картасына Spina bifidaсы бар балаларға медициналық көмек көрсету сапасын жақсарту, Spina bifidaсы бар балалармен жұмыс істейтін қызметкерлердің кадрлық әлеуетін арттыру, халықпен ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жөніндегі іс-шаралар енгізілген.
Екі күндік конференция аясында ортопед, невролог, нейрохирург, уролог және психологтың қатысуымен пациенттерді емдеуге арналған мультидисциплинарлық тәсіл түрі бойынша консилиумдар өткізілді. Сонымен қатар, балаларды көрнекі тексеру түрінде балаларға диагностикалық және емдік көмек көрсетілді, ұсыныстар берілді.
ДСДРО қызметкерлері SNOMED International бизнес-кездесуіне қатысады
- Толығырақ
- Автор: Super User
7-11 сәуір аралығында Лондонда SNOMED International-ға қатысушы елдердің бизнес-кездесуі өтеді.
ДСДРО Стратегиялық даму орталығының қызметкерлері бизнес-кездесуге Мүшелер алқасының қатысушысы ретінде қатысады (Member forum). Мүшелер алқасы – бұл рөлі мүшелер арасындағы ынтымақтастыққа жәрдемдесу және әрбір ел үшін басымдықтарды айқындау, сондай-ақ оқытуға жәрдемдесу болып табылатын ұйымның консультативтік органы. Кездесудің негізгі мәселесі еларалық ынтымақтастық тәсілдерін анықтай отырып 2025 жылға дейінгі ұйымның даму стратегиясын, сондай-ақ жаңа технологияларды дамытуды ескере отырып, ұйымның өз ішінде анықтау. Кездесу барысында SNOMED клиникалық терминологиясын енгізу бойынша ұйымдастырушылық және техникалық мәселелерді талқылау, денсаулық сақтау жүйесінде талдау жүргізу және статистика жүргізу үшін терминологияны пайдалану, клиникалық терминологияны әзірлеуге практикалаушы дәрігерлерді тарту үшін SNOMED International мүше елдерінің өкілдерімен жұмыс және консультациялық топтар ұйымдастырылды. Кездесу барысында ДСДРО қызметкерлері Ұлыбританияда, Испанияда, Австрияда, Малайзияда және басқа елдерде SNOMED клиникалық терминологиясын қолдану және енгізу тәжірибесімен танысуға мүмкіндік алды.
Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелеріне SNOMED негізгі бөліктерін бейімдеу және енгізу жөніндегі жұмыстар 2020-2021 жылдарға жоспарланған.
Алматыда Қазақстанның Медициналық және фармацевтикалық қауымдастықтары форумының І съезі өтті
- Толығырақ
- Автор: Super User
2019 жылы 4 сәуірде Алматы қаласында ҚР Медициналық және фармацевтикалық қауымдастықтары форумының І съезі өтті.
Денсаулық сақтау жүйесінің бытыраңқы қауымдастықтарының күш-жігерін біріктіруге мүмкіндік беретін съезді өткізуге медициналық қауымдастықтардың басшылары өткен жылдың соңында бастамашылық жасады.
Съезге Алматы қаласы денсаулық сақтау басқармасы, "Атамекен" ҰКП және медициналық қауымдастық өкілдері қатысты.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау жүйесінің бизнес-қауымдастықтары мен кәсіби қауымдастықтарын шоғырландыруда Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы, Денсаулық сақтау салаларын дамытуды реттеудегі кәсіби қауымдастықтардың рөлі туралы қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының президенті Вячеслав Локшин және "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы департаментінің директоры Жанна Оспанова баяндама жасады.
Съезд жұмысының қорытындысы бойынша тиісті министрліктер мен ведомстволарға, кәсіби медициналық және фармацевтикалық қауымдастықтарға тиісті құжаттар жіберіледі, ынтымақтастық пен өзара іс-қимыл жолдары ұсынылады. Съезге қатысушылар Қазақстан Республикасының медициналық қоғамдастығына күш - жігерді шоғырландырып, 2020 жылға қызметін "Балалардың денсаулық жылы" нақты жобаға арнау міндетін қойды. Форумның марапаттары-Авиценна атындағы медаль, Өтебойдақ Тілеуқабылұлы атындағы медаль бекітілді.
ДСДРО қызметкерлері көшбасшы болуды үйренуде
- Толығырақ
- Автор: Super User
ДСДРО Менеджмент орталығы тұрақты негізде Қазақстанның медициналық ұйымдарының басшыларын, HR-менеджерлерін, бақылау кеңестерінің хатшыларын оқытуды жүргізеді.
Оқыту корпоративтік басқаруды, менеджментті, кадрлық қамтамасыз етуді және HR менеджментті дамытуға бағытталған. Алынған білім денсаулық сақтауды дамытудың стратегиялық міндеттерін іске асыруға, оның ішінде медициналық ұйымның қызметінде заманауи HR-технологияларды қолдануға ықпал етеді.
ДСДРО-да 2017 жылғы Ұлттық денсаулық сақтау шоттарын талдау нәтижелері талқыланды
- Толығырақ
- Автор: Super User
27 наурызда ДСДРО-да Ұлттық денсаулық сақтау шоттарын талдау нәтижелерін талқылауға арналған және ДСДРО Денсаулық сақтау экономикасы орталығы жариялаған policy brief «МӘМС енгізу кезінде мемлекет ауқымында шығыстарды тиімді жоспарлау үшін ҰДСШ деректерін пайдалану» атты дөңгелек үстел өтті.
Дөңгелек үстелге ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ, «Атамекен» ҰКП, «Қазақстан медициналық зертханалар қауымдастығы» ЗТБ, «Қазақстандық жеке медициналық құрылымдардың қауымдастығы» ЗТБ өкілдері қатысты.