2019 жылғы 24-25 қаңтар аралығында ДСДРО қызметкерлері үшін халықаралық деңгейдегі сарапшы, профессор Золтан Калоның қатысуымен"Фармакоэкономикалық үлгілеу әдістері" тақырыбында тренинг өтеді.
Іс-шара қызметкерлердің әлеуетін арттыруға, денсаулық сақтау экономикасы және медициналық технологияларды бағалау саласындағы білімді тереңдету мен дағдыларды жетілдіруге бағытталған.
Тренинг бағдарламасы фармакоэкономикалық үлгілеу әдістерін тереңдетіп оқытуға бағытталған және келесі тақырыптарды қамтиды: дәлелді базаны жетілдіру және баға белгілеудің айқындылығы үшін денсаулық сақтау технологияларын бағалаудың маңыздылығы, жаңа технологияларға шығындарды өтеу, экономикалық бағалау қағидаттары және табыс деңгейі орташа елдерде МТБ-ға тиімді көзқарас, денсаулық сақтау технологияларын бағалау бойынша халықаралық ұсынымдар. Сондай-ақ, іс-шара барысында фармакоэкономикалық үлгілеу бойынша жаттығулар мен практикалық дағдыларды пысықтау жүргізілетін болады.
Халыққа медициналық қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігін арттыруға бағытталған Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін реформалаудың ғылыми негізделген, әдіснамалық базасы болуы тиіс. Денсаулық сақтаудың жүйелі міндеттерін іске асыру кезінде алынған білім мен дағдыларды қолдану медициналық қызметтер көрсетуді жетілдіруге бағытталған жаһандық мақсаттарға қол жеткізудегі маңызды қадам болады.