ДСДРО қызметкерлері қоғамдық денсаулық сақтау саласында ТЖ кезінде әрекет етуге үйретіледі

ДСДРО Жаһандық денсаулық сақтау орталығының қызметкерлері қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ТЖ жедел орталығының қызметін ұйымдастыру және ТЖ кезінде мемлекеттік органдар мен ұйымдар арасындағы жедел өзара іс-қимылды қамтамасыз ету мәселелері бойынша министрліктер мен ведомстволардың басшы құрамына арналған  оқыту тренингіне қатысты.

 

CDC сарапшылары (Centers for Disease Control - АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары, АҚШ Денсаулық сақтау министрлігінің Федералдық агенттігі) жаттықтырушылар ретінде болады.

 

Екі күн бойы, 31 қаңтар мен 01 ақпан аралығында тренинг қатысушылары Халықаралық медициналық-санитариялық ережелер мен Жаһандық денсаулық сақтау бағдарламасының негізгі аспектілерімен танысты. Бұл ережелер 196 ел үшін міндетті халықаралық құқықтық құрал болып табылады, ол қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы ТЖ кезінде халықаралық ынтымақтастық пен шешімдер қабылдау процесін белгілейді

 

Қазақстанда ТЖ жөніндегі жедел орталық Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы жанында жұмыс істейді. Оның ашылуы біздің елімізде қоғамдық денсаулықты сақтау үшін ғана емес, сонымен қатар БҰҰ-ға мүше барлық елдердің орындауы үшін міндетті Тұрақты даму мақсаттары талаптарының бірі болып табылады.

 

Қазақстан БҰҰ-ның белсенді мүшесі бола отырып, 2015 жылдан бастап 2018 жылға дейінгі денсаулық сақтау саласындағы Тұрақты даму мақсаттарын іске асыру туралы  ерікті ұлттық шолу дайындайды(SDG 3.), ол осы жылдың шілде айында Нью-Йорктегі БҰҰ-ның Саяси форумында ұсынылатын болады.

 

Естеріңізге сала кетейік, ДСДРО Жаһандық денсаулық орталығы ұлттық денсаулық сақтау жүйесін халықаралық қоғамдастықпен интеграциялауға жәрдемдесу, Қазақстанның әлемдегі МСАК дамыту жөніндегі бастамаларын ілгерілету, сондай-ақ денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесіне үздік халықаралық практикаларды енгізу үшін құрылған.