Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі (бұдан әрі - ҚР ДСМ) Медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасы жөніндегі біріккен комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) мүшелігіне кандидаттарды іріктеуді жүргізеді.
Комиссия ҚР ДСМ жанындағы тұрақты жұмыс істейтін консультациялық-кеңесші орган болып табылады және клиникалық хаттамаларды, медициналық технологияларды бағалауды, медициналық білім беруді, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау саласындағы қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін бақылау жүйесін жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу үшін құрылған.
Комиссия ҚР ДСМ, «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының және үкіметтік емес ұйымдарының (ҮЕҰ) өкілдерінен тұрады. Әрбір ҮЕҰ-дан Комиссияның құрамына бір ғана өкіл енгізіледі.
Кандидаттар іріктеуге қатысу үшін жұмыс тобына мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
-
еркін түрде жазылған өтініш;
-
фотосуреті бар резюме, өмірбаян деректері, байланыс деректері көрсетілген кәсіби және (немесе) қоғамдық жұмысы туралы мәлімет (телефон, электрондық мекенжайы);копии удостоверения личности и диплома о высшем образовании (медицинское или экономическое, или юридическое);
-
жеке куәлігінің және жоғары білімі туралы дипломның (медициналық немесе экономикалық, немесе заңгер) көшірмелері;
-
соттылықтың, соның ішінде сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін соттылықтың бар-жоғын растайтын құжат;
- Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) № 035-2/е нысаны бойынша диспансерлік есепте тұрғаны/тұрмағаны туралы психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан анықтама;
- ҮЕҰ-ден кандидаттар ҮЕҰ мүшелігінін растайтын құжаттарды ұсынады.
Комиссия мүшелігіне кандидаттардан құжаттар 2018 жылғы 18 қазанға дейінгі мерзімде мына мекенжай бойынша қабылданады: Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан Республикасы, 010000, Астана қ, Мәңгілік Ел даңғылы 8, Министрліктер үйі, 5-кіреберіс не электрондық мекенжайға: n.ulukbek@mz.gov.kz.