Бүгін Алматыда Қазақстан ғалымы, Денсаулық сақтау саясаткері, медицина ғылымдарының докторы, профессор Айқан Ақанұлы Ақановтың құрметіне Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті жүргізетін «Ақан оқулары: МСАК-тың  денсаулық сақтау қызметтерімен жаппай қамтуды қамтамасыз етудегі рөлі» атты студенттер, жас ғалымдар мен оқытушылардың халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы басталды.

 

Конференция жас ғалымдардың, студенттер мен оқытушылардың ғылыми-зерттеу қызметін жандандыруға, олардың ғылыми ой-өрісін  және әртүрлі ғылыми бағыттар арасындағы байланыстарды кеңейтуге ықпал етуге, өзекті ақпаратпен алмасуға, жастардың инновациялық әлеуетін анықтауға және дамытуға бағытталған.

Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының ұйымдастыруымен Бурабай кентінде 2019 жылғы 18-19 сәуір аралығында "Шипажай-2019" IV Халықаралық форумы өтті.

 

Іс-шараға Қазақстан, Германия, Италия, Түркия, Грузия, Литва және Ресей санаториялық-курорттық емдеу саласындағы жетекші реабилитологтары мен мамандары қатысты. Сондай-ақ, форумға Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының қызметкерлері де қатысты.

ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың Корея Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру министрі Пак Нын Ху мырзамен екіжақты кездесуі аясында Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы, Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы, Денсаулық сақтау индустриясын дамыту институты және Шетелдік инфрақұрылым мен қалалық даму Корей корпорациясы ынтымақтастық туралы 4 жақты меморандумға қол қойды.

 

Меморандумға қол қоюға ДСДРО бас директоры Айнұр Айыпханова, Қазақстандық МЖӘ орталығы басқарма төрағасының орынбасары Талғат Матаев, Корея Денсаулық сақтау индустриясын дамыту институтының президенті Ли Янгчан, Корей шетелдік инфрақұрылым және қалалық даму корпорациясының президенті Кьянг-Го Хур қатысты.

16 сәуірде Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығында әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасының медициналық технологияларын бағалауды дамыту жөніндегі келісім-шарт шеңберінде Нидерландтық Нейгман университетінің (Stichting Katholieke Universiteit Nijmegen) халықаралық сарапшылар тобымен кездесу өтті.

 

Кездесуге нидерландтық Радбуд атындағы Университеттің медициналық орталығының сарапшысы Вайа Оортвайн және денсаулық сақтау экономикасы жөніндегі сербтік тәуелсіз кеңесші Таня Новакович қатысты. Диалог барысында халықаралық сарапшылар ДСДРО-ның медициналық технологияларды бағалау бөлігіндегі жұмысының ерекшеліктерін талқылады: Қазақстанда медициналық технологияларды бағалау жүзеге асырылатын негізгі қағидаттар, тәсілдер мен әдістер, диагностиканың, емдеудің, оңалтудың жаңа әдістерін және дәрілік заттарды ел дәрігерлерінің клиникалық практикасына және ТМККК және МӘМС тізіміне енгізу процестері

9-11 сәуір аралығында Бішкекте «Қырғызстанның денсаулық сақтау апталығы» аясында халықаралық медициналық көрме өтті, онда «Медициналық туризмді және импортты алмастыруды дамыту» бастамасын орындау шеңберінде көрмеге қатысқан Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының қызметкерлері «Конвенцшн Бюромен» бірлесіп бірыңғай экспозицияны ұсынды.

 

Қазақстанның  Денсаулық сақтау министрлігі бұл бастаманы «Денсаулық сақтау саласын жаңғырту» жобасы аясында іске асыруда.