Астана қаласында медицина қызметкерлерімен өңірлерді қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері туралы бұйрыққа өзгерістер енгізу жобасы бойынша кеңес өтті

17-18 қаңтарда Денсаулық сақтау министрлігінің, барлық облыстардың денсаулық сақтау және кәсіби медициналық қауымдастықтардың өкілдерінің қатысуымен Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығында кездесуі өтуде.

 

Кездесу барысында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін қамтамасыз ету мақсатында өңірлерге медициналық қызметкерлермен  қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін  көздейтін бұйрық  жобасы талқыланды.

 

Жоба пилоттық аймақтардың және республикалық денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарының ұсыныстары мен халықаралық тәжірибені ескере отырып, қазіргі нормативтерге негізделген.

 

Кездесу барысында ДСКР обсерваториясының бас маманы Галия Мусина сөз сөйледі. Өз сөзінде ол медицина қызметкерлерін өңірлермен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін ескере отырып, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің № 238 бұйрығына өзгерістер енгізу жобасын ұсынды.

 

ДСДРО Менеджмент  орталығының басшысы Салтанат Идрисова қатысушыларды түзету коэффициенттерін ескере отырып, әрбір өңір үшін есептеулермен таныстырды.

 

Іс-шара нәтижесінде медицина қызметкерлерімен  өңірлерді қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері әзірленіп, талқыланады.